
Қырмызы көктем мезгілінің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні-бұл еліміздің барлық азаматтарына және біздің ортақ тарихымызға құрмет көрсету күні ретінде еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өтілді. Айтулы мерекеге орай, ауданымыздағы Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығында “Алғыс айту- парызым” атты іс-шара өткен болатын. Оқушыларға достық, бір-біріне деген құрмет пен отансүйгіштік, ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беріліп, бір- бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасауға
үйретуді көздеген шарада үйірме оқушылары өз өнерлерімен даралана білді. Атап айтқанда, “Инабат ” үйірмесінің оқушысы Назым Қойшыман “Рахмет, саған туған ел!” әнін әуелете шырқады. “Еркетей” үйірмесінің оқушылары алғыс туралы тақпақтарды мәнеріне келтіріп оқыды.“Шамшырақ” үйірмесінің оқушысы Раяна Давранова “Бауыр керек” әнін, “Физика әлемі” үйірмесінің оқушысы Қарақат Жұманғали “Ыңғай төк” күйін күмбірлете орындап, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді. “Ғажайып әлем” үйірмесінің оқушысы Айсу Арманқызы “Ата-әже”, “Шамшырақ” үйірмесінің оқушысы Айзере Анаубай “Анам мен әкем” әндерінен шашу шашты. “Юные патриоты” үйірмесінің оқушылары алғыстарын орыс тілінде жеткізді. “Ақжелкен” үйірмесінің оқушылары Балсезім Балтабай, Қазына Тәкіш, Айзере Тәкіш, Балнұр Құрманғазылар жыр шумақтарын мәнеріне келтіре оқып, өнерпаздардың өнері тыңдарман көңілінен шықты.
Айсана Өмірзақова, Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығы “Easy Englisһ” үйірмесінің жетекшісі. |
Обновлено 14.03.2025 11:02 |