Онлайн газет



ОКРУГ ӘКІМДЕРІНЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Апта басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңестің кезекті отырысы өтті. Аудан әкімі Олжас Баққараев төрағалық еткен отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің  бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Отырыста «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы туралы» аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рсалиев баяндады.
Баяндамада айтылғандай ауданымыздағы әр ауыл, ауылдық округтердің әрқайсысына кәсіп ашуға байланысты 10 жобадан дайындау тапсырылған. Солай болғанымен аудан бойынша барлығы 50 ғана жоба қабылданған. Көктал, Мырзатай, Бәйтерек, Көптерек ауылдық округтері бойынша бар болғаны 1-5 аралығында ғана жоба өткен.
- Ауылдарда өз кәсібін ашып, жұмыс істеуге ниетті азаматтар аз емес. Біз мұны жеке кездесуге келгендер, ауылдарға барғанда да естіп жүрміз. Демек, біздің ауылдық округ әкімдері өз тұрғындарына аталған жобаның тиімділігін дұрыс жеткізбейді. Тұрғындар бұл жобадан хабарсыз деуге болады, - деген аудан басшысы Олжас Баққараев бұл жұмысты қадағалауды орынбасары Болат Сағынбековке жүктеді.
«Көктемгі екі айлық сенбілік және көшет отырғызу жұмыстары туралы» аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәуренбек Мадешов баяндады.


Ол өз баяндамасында аталған екі айлыққа байланысты арнайы жоспар жасалып, аталған мерзімде 9 сенбілік өтетінін атап өтті. Оның алғашқысы 1 наурыз күні өткен. Тазалық айлығы кезінде әр ауылға 2000 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл жұмыс Диқан, Көптерек, Ынтымақ ауылдық округтерінде орындалып қойылған.
Аудандық ормандар және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі көшет дайындап қойғанымен аталған мекемеге ешқандай округ әкімдері сұраныс жасамаған.
- Округ әкімдерінің бөлімдермен байланысы нашар. Ауа райының қазіргідей тиімді уақытын ескеріп, көшетті осындай кезде отырғызған дұрыс болады. Сондықтанда 10-20 наурыз аралығында ауылдардағы көшеттер түгелдей отырғызылуы тиіс. Сондай-ақ «ҚазақГаз» мекемесі көшеттерді өздері әкеліп, арнайы бөлінген жерлерге отырғызады. Әкімдер оларды сумен қамтамасыз етіп, көшет отырғызылған жерді қоршаулары тиіс, - деді аудан әкімі О.Баққараев.
«Ауылдық округтерге кәсіпкерлерді тіркеу туралы» аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Бекболатұлы хабарлама жасады.
Биылғы жылға Бәйтерек, Көптерек, Қостөбе, Сазтерек, Суханбаев, Үлгілі ауылдық округтерінен 10 кәсіпорын тіркелген. Сондай-ақ 7 заңды тұлғаның 5-еуі Сарыкемер, 2-еуі Бурыл ауылдық округінен тіркеліп отыр. Бізге басқа аудан, облыстардан кәсіпкерлер тіркелмеген.
-Ауыл, ауылдық округ әкімдері өздеріңізге қарасты кәсіпкерлер мен кәсіпорындарды ауданға тіркеу қажет. Ауылдарыңызда 5-10 мың аралығында халық тұрады. Демек, кәсіпкерлерде аз емес. Олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл өз дәрежесінде жүргізілмей отыр. Автомашиналарды тіркеуде назардан тыс қалмауы тиіс. Барлығы ауданға тіркелсе, қаржы өзімізге түседі. Бұл жұмысты да қатаң қолға алуымыз керек,  - деген аудан басшысы ауыл, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Айтылған тапсырмалар орындалмаған жағдайда олардың жауапкершіліктері қаралатыныда ескертілді.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 07.03.2025 11:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін795
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8035
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36142
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776312

Серіктестер