Онлайн газет



АУДАН ӘКІМІ ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Кеше аудан әкімдігінде аудан әкімі Олжас Баққараев ауданымыздағы республикалық, халықаралық жарыстардан жүлделі оралып жүрген жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қабылдады.
Қабылдауда биылғы жылы Үндістан мемлекетінде Кикбоксингтен өткен Халықаралық турнирдің жеңімпазы, №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы, Үлгілі орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әліби Сабыр, осы жылы Үндістан мемлекетінде қазақ күресінен өткен әлем чемпионатында 1 орынды иелеген №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Рауза Нұрмахамметова, аталған чемпионатта 3 орынды иеленген аталған мектептің спортшысы Аружан Адасхан және биылғы жылы Сербия мемлекетінде бокстан өткен Халықаралық турнирде 3 орынды иеленген Ж.Үшкемпіров атындағы №9 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы, Пушкин атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Диана Ердуллоевалар өз жаттықтырушыларымен болды.
-Мен алдымен қыздарымызды алдағы келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекелерімен құттықтаймын! Біздің ауданымыз ақындар мен батырлар ғана емес саңлақ спортшылардың да ауданы. Соның бір дәлелі - сіздердің бұрыңғы ауыз толтырар жетістіктеріңізден басқа биылдың өзінде республикалық, Халықаралық жарыстардан олжалы оралғандарыңыз. Сондықтанда біз сіздерді әркез мақтан етеміз. Бұл жеңісті күндердің басы ғана болсын. Алдағы уақыттарда да биік белестерді бағындырып, ауданның абыройын асқақтата берулеріңе тілектеспіз. Сіздердей саңлақ спортшыларға біздің тарапымыздан әрқашанда қолдау көрсетіле беретін болады, - деді аудан басшысы Олжас Елебекұлы.
-Біз ауданымыздағы көптеген алдыңғы қатарлы спортшыларымызды жақсы білеміз. Олардың қол жеткізген жетістіктеріде мақтауға тұрарлық. Енді олардың қатарынан қыз балалардың көрінуі бізді қуантып отыр. Ауданда жастарымыздың спортпен айналысуларына жақсы жағдайлар жасалған. Сіздердің жетістіктеріңізге жаттықтырушылардыңда қосқан үлесі мол. Сондықтанда оларда тасада қалмаулары керек, - деген аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев алда да аудан намысын көтере берулерін тіледі.
Аудан әкімі О.Баққараев үздік жас спортшыларға аудан әкімінің Алғыс хаты мен арнайы сыйлық, гүл шоғын ұсынды. Мұндай Алғыс хаттар аталған жас спортшылардың жаттықтырушылары Ерлан Нұрбеков, Абылай Бошқай, Қайрат Құлахметов, Ербол Байтақовтарға да табысталды.
Марапатталғандар атынан Рауза Нұрмахамметова мен Абылай Бошқай сөз алып, өздеріне жасалған құрмет үшін аудан басшыларына алғыс айтып, алда да жеңісті күндерді жалғастыра беретіндіктерін жеткізді.
Кездесуге аудан әкімі аппаратының басшысы Асылжан Құрманов, аудан әкімдігінің ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары Мадина Сейтқазина мен Олжас Әділханұлы қатысты.

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ.

Обновлено 07.03.2025 11:39
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін795
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8035
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36142
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776312

Серіктестер