Онлайн газет



АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСУІМІЗ КЕРЕК

Қоғам дамыған қазірдің өзінде де әлемде адам саудасы қызып тұрғаны жасырын емес. Бұрынғы заманда адамдарды жұмыс істету үшін құлдықта ұстаса, қазір адам саудасының жандануына себепші болатын себептер жетіп артылады. Сондықтан адам саудасының бізге қатысы болмайды деп бейқам отырудың жөні жоқ.  
Құқық қорғау органдарының келтірген мәліметінше, соңғы үш-төрт жылда мыңдаған азаматтарымыз адам саудасының құрбаны болған. Сондай-ақ, адам саудасы бойынша тек әрбір төртінші қылмыс қана ашылатынын айта кетуіміз керек.
Адам саудасының құрбанына айналған кез келген адам ауыр психологиялық соққы алатыны белгілі. Дамыған елдерде мұндай адамдардың қалыпты өмірге оралуы үшін оңалту орталықтары жұмыс істейді.
Бүгінде өрімдей жас қыздарды қылмыскерлердің қолынан арашалап алу аздық етеді. Мұндай жағдайға тап болған әйелдерді қоғамда дұрыс қабылдамайды. Осыдан кейін олар үлкен күйзеліске ұшырап, өміріне жауапсыздықпен қарайтыны жасырын емес.
Адам саудасының түбіріне балта шабу үшін қоғам болып күресуіміз қажет.  Бұл үшін біздің жастарымыз білімді, өз құқықтарын жетік білуі керек. Сол сияқты құқық қорғау органдары да азаматтарды  алдап-арбайтын ұйымдарды тез арада анықтап, олардың жұмысына тосқауыл қойып отыруы шарт. Бұл ретте құқық қорғау органдарына ел азаматтары мен адам саудасынан сақтандыру үшін құрылған қоғамдық ұйымдарда қол ұшын созуы тиіс.

Асқар Прманов,
Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін849
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8089
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36196
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776366

Серіктестер