ЖАҢА ТӨРАҒАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫ |
Жақында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров өзінің алғашқы отырысын өткізді. Оған аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы тұрақты комиссия төрағалары мен әрбір ауылдық округтердегі ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Отырыста Ұлыстың ұлы күні - «Наурыз», «Ұлы Жеңістің-80 жылдығы» тәрізді маңызды мәселелер қаралды.Жиында сөз алған Мәдімар ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Рысбек Қосыбаев, Бурыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайрат Тасболатов, аудандық аналар кеңесінің
төрайымы Шырын Қапаровалар қаралып отырған мәселелерге байланысты өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ олар ардагерлерге жасалып отырған қамқорлық, жастар тәрбиесіне байланысты да сөз қозғады. Мектеп оқушыларының мешітке барып, ораза ұстаулары соның кесірінен сабақтан кешігетіндеріне қынжылыс білдірді. Өз тілшіміз. |
Халыққа жолдау
ЖАРНАМА








![]() | Бүгін | 852 |
![]() | Кеше | 1481 |
![]() | Осы аптада | 8092 |
![]() | Өткен аптада | 12089 |
![]() | Осы айда | 36199 |
![]() | Өткен айда | 50604 |
![]() | Бәрі | 2776369 |