Бурыл ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс жоспарына сәйкес, әр тоқсан сайын әкімшілік қызметкерлері мен мекеме қызметкерлеріне қызмет көрсету барысында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік органның қызметіне азаматтардың сенімділігін арттыру үшін бірінші кезекте халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін көтеру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету қажет болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Халықтың сұранысын
жылдам әрі сапалы орындау үшін бүгінде мемлекеттік қызметтер электронды жүйеге көшіріліп, тиімділігі артқан. Әр саладағы мемлекеттік қызметтерді цифрлы форматта алу үшін тұрғындар оның жолын білуі тиіс. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің және мемлекеттік қызметтердің орындалу мерзімдері мен тәртіптері мемлекеттік қызмет көрсету алгоритмдері ережемен бекітілген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшіріліп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы, «Е-лицензия» жүйесі арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар, жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін қызмет түрлеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» №301 бұйрығына сәйкес біршама өзгерістер енгізілді. Қағидада қызметті берушінің атауы, қызмет көрсету мерзімі, нысаны, нәтижесі, тәсілдері нақты көрсетілген. Аталған бұйрыққа сәйкес, жаңадан «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі қосылды. Ендігі кезекте Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 37-бабына сәйкес және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидасына сәйкес қызмет көрсетіледі. Бурыл ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бойынша оның ішінде «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» қызметін бүгінгі күнге сапалы әрі мерзімінде орындауда.
Ерлан Әшірбеков, Бурыл ауылдық округінің әкімі. |