Онлайн газет



ОТБАСЫЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Қайырымдылық жасау - ізгілікті іс. Шын көңілмен, таза ниетпен жақсылық жасайтын адамдардың қатары жыл санап артып келеді.
Жылы сөз бен мейірімге мұқтаж жандарды қолдап, көмек беру, мұқтажын өтеу-сауабы мол істердің бірі. “Жастар ресурстық орталығы” жанынан құрылған «Болашақ» еріктілер тобының мүшелері қайырымдылық шараларын жиі өткізіп, көптеген отбасыларға қуаныш сыйлауда. Еріктілер тобының мүшелері жомарт болу,  қолындағы барымен бөлісу, адамдарға қуаныш сыйлау, адамдардың қиындығына ортақтаса білу,  жүрек жылуын ұсынуда өзгелерге үлгі-өнеге көрсетуде. Төрткүл әлемге белгілі қайырымдылық қорларын  сауапты істерге тартумен қатар, аудан аумағында өтетін түрлі қайырымдылық іс-шараларға белсене қатысуда.
Өткен аптада Байзақ аудандық орталық емхананың әлеуметтік қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған “Болашақ” еріктілер тобының ұйымдастыруымен Италия және Австралиядан келген түрік мемлекетінің “HASENE” және “UMUT” қайырымдылық қорлары ауданымызда болды. Биылғы жылдың ақпан айында аталған қордың өкілдері қазақстандық 850-ге жуық отбасыға азық-түлік салынған “Рамазан сыйлығын” тарту етті. Оның ішінде 30  сыйлық Байзақ ауданының көпбалалы, жалғызбасты, асыраушысынан айырылған отбасыларға табысталды.  Аталған қор 2024 жылы ауданымызда тұратын қоғамның осал топтарына, яғни 17 отбасына қайырымдылық көмегін көрсеткен болатын. Бұл қор соңғы үш жылдан бері еліміздегі қоғамның осал топтарына қолдау көрсетіп келеді.
Қоғам мейірімге, жан жадыратар жақсылыққа мұқтаж. Расында адамның ең жақсысы-басқаларға пайдалы болғаны, ал адамдардың ішіндегі Аллаға ең сүйіктісі-адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлау. Сондықтан ауданымыздың әрбір азаматы жыл он екі ай бойы сауапты істер жасап, қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып жатса нұр үстіне нұр болар еді.  Жылы сөз бен жүрек жылуын ұсынып, мәрттігімен,  қайырлы істерімен өзгелерді қуантқанға не жетсін. Олай болса, баршаңызды жақсылық пен игілікті іс жасаудан үлгі көрсетуге шақырамыз.

Арайлым Үйкекбай,
«Болашақ» еріктілер тобының жетекшісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1835
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26422
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда78966
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3457035

Серіктестер