Онлайн газет



МЕДИАЦИЯНЫҢ ПАЙДАСЫ МОЛ

«Медиация» термині латынның  «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация-үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Медиация сөзі ағылшын тілінде кез келген дауды  оған ешқандай да қатысы жоқ үшінші бір адамның  медиатордың араласуы арқылы альтернативті түрде  реттеу деген мағынаны білдіреді. Яғни, медиатор  дегеніміз - өзара жанжалдасушы немесе дауласушы  тараптардың арасында орын алған даулы мәселелерді  олардың өздерін қатыстыра отырып, тараптарға тиімді жағдайда

шешуді жүзеге асыратын тұлға.  Жалпы қарапайым тілмен айтқанда медиатор  бітімгер немесе белгілі бір мәмілеге әкелуші деп  айтуға да болады.
Медиацияның түп-тамыры ерте заманнан басталады. Адамдар арасында алғашқы дау қай кезде пайда болса, бітімгершілік те сол заманда пайда болған. Тарихшылардың айтуы бойынша медиация халықаралық, этносаралық дауларды шешу барысында және келіссөздер нәтиже бермей, екі жақ тығырыққа тірелген кезде қолданылған.
Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық  істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла  алады. Азаматтар, сондай-ақ, заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот  жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай  жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің  шешілу сапасын арттыруға болады. Халықаралық  статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 пайызы медиация рәсімінен өтеді, олардың 85%-да оң нәтижелерге қол жеткізілген. Қазақстанда «Медиация туралы» Заң 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді.  Бұл заң ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу  қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордың  мәртебесін айқындайды.
Медиацияны жүргізу қағидаттары:
• еріктілік;
• құпиялық;
• өзара сыйласушылық;
• тараптардың тең құқылығы;
• медиатордың бейтараптығы мен әділдігі;
• рәсімнің ашықтығы.

 

Айкерім Телесбаева,
аудандық соттың судьясы.

Обновлено 04.03.2025 11:33
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін795
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8035
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36142
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776312

Серіктестер