Онлайн газет



Маңызды мәселе сөз болды

1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысында атамекенімізді жау  шеңгелінен құтқару жолында қаншама боздақтар  жан алып, жан берісті.  Қаһарман жауынгерлердің ерлігін мадақтау, олардың ерлігіне тағзым ету,  еске ұстау, тағдыры   белгісіздерді деректеу, ірі тарихи шайқастарды зерттеп, зерделеудің бүгінгі таңда маңызы зор болып отырғаны шындық.
Ұлы Отан соғысындағы  ең ірі тарихи шайқастар: Брест қамалындағы 29 күндік алапат, Севостопольдегі 250 тәуліктік шайқас,  Ленинградтағы 900 күндік қасірет, Москва  түбіндегі 103 күндік ұлы шайқас, Сталинградтағы 20 күндік арпалыс, Курск иініндегі 50 күндік текетіресте  ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ерлеріміз  Жеңіске  жол салды.
«Парыз» қоғамдық бірлестігінің директоры  Бекқұлы Әліұлы  көп жылдан бері осындай   ірі де ұлы шайқастарға  қатысып,  іс-түссіз жоғалып немесе  хабарсыз кеткен жамбылдық жауынгерлерді іздестірумен айналысып келеді.  Өткен аптада аудандық әкімдікте аталмыш  қоғамдық бірлестік облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік жобасы негізінде «Тарихи  шайқастардағы жамбылдықтар» атты акциясын өткізді. Алдымен оған қатысушыларға  Брест қорғаушыларының қатарында жамбылдықтардың ерлікпен күрескені туралы  маңызды деректер ұсынылды. 
Бірлестік  директоры  Б. Әліұлы    “Ұлы Отан соғысындағы тарихи шайқастардағы жамбылдықтар”  деген тақырыпта баяндама жасады. Ол 1981-2012 жылдар аралығында Брест қамалын қорғаған жауынгерлердің деректерін жинастыру барысында 58 қазақстандықтың 3-і жамбылдық болып шыққандығын, ал  2012 жылдан бері Ленинград, Новгород, Псков облыстарында болған  қанды қырғынға қатысып, із-түссіз  не  хабарсыз кеткен жамбылдықтардың деректерін жинақтау мақсатында Петербор, Ленинград, Новгород облыстарында іссапармен болғандығын,  табылған деректер бойынша  Ленинград, Новгородтың және Пискаревск, Невский, Пяточек секілді мемориалдық кешендердің “Естелік” кітаптарына қаза болған ерлердің есімін енгізу бағытында атқарып жатқан жұмыстарын, Ленинград облысында 800-ден астам жамбылдық жауынгерлер, Курскіде- 19,  Орелде-32, Смоленскіде-18,  Калининде-15, Новгород облысында 1500-дей боздақтардың қаза тапқаны туралы мағлұматты көпшілік назарына ұсынды.
Баяндамашы  сонымен қатар  Брест қамалында, оның маңында 1939 жылдың күзі мен 1941 жылдың маусым айлары  аралығында 4 мың қазақстандықтың  қызмет атқарғаны, жамбылдық 120 жауынгер 33 инженерлік полктің құрамында  соғысты қарсы алғандығы,  120 сарбаздың  89-ы қамалда соғысса, 31-і қамал маңында шайқасқаны, осы уақытқа дейін 58 қазақстандық “Қамал қорғаушысы” болып есептеліп келгендігі, негізінен осы шайқасқа Байзақ, Жуалы,  Жамбыл аудандарынан  көбірек аттанғаны, Бресті қорғау шайқасына қатысқан соғыс ардагері,  байзақтық Иманқұл Жақсығұловпен жүздескені туралы айтып берді.
Деректеуші Б.Әліұлының ерен еңбегінің арқасында Сазтерек ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылының тұрғыны  Имаш аға  туған әкесінің денесі жерленген өңірге барып, тағзым еткендігін айтты.  Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Шәметов, соғыс ардагері С. Рыспаевтар осындай игілікті  істі тындырып жүрген тарихшы Б. Әліұлына көпшілік атынан  алғысын айтты.
Шара соңында жиналғандарға  майдангерлердің деректерін қалай іздеу, табыла қалған жағдайда қайда хабарласу қажеттігі туралы  кеңестер берілді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 29.05.2014 10:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1785
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада6474
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда23104
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274773

Серіктестер