Онлайн газет



АҚАУСЫЗ ПЕШ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Оттың адам өмірінде маңызы зор. Үй жылытып, ас дайындау, тіпті техника мен ғылымның дамуы бәрі отпен байланысты.
Жылыту маусымы-өрттердің туындау себептері әдеттегіге қарағанда анағұрлым көп болатын кезең. Бірақ отты дұрыс қолданбасаңыз оның жалыны жолдағыны жалмауы мүмкін. Жыл сайын аудан аумағында 40-50 өрт оқиғасы тіркеледі, осы өрттердің басым көпшілігі адамдардың салғырттығынан шығып отыр. Осы өрттердің 70 пайызы тұрғын үйлерде орын алған. Жылыту кезеңі басталысымен пеш және құбырдың ақауы мен оны қолданудағы абайсыздықтан шыққан өрт саны күрт өседі.
Төмендегілерді орындаған жөн:
- Пешті басқа да жылыту құралдары мен жүйелерін жылыту кезеңі алдында тексеріп, кездескен ақауларын жою;
- Түтін шығатын құбырларды және пештерді от жағардан бұрын және от жағу мерзімі аяқталғанға дейін үш айда бір рет тазалап отыру;
- Төбедегі түтін өтетін арналары мен барлық түтін мұржаларын және қабырғаларды әктеп, өңдеу;
- Пештің от жағар қақпағының жанындағы еденге өлшемі 50х70 см болатын метал қаңылтыр орнату;
- Түтін өтетін арналары, мұржалары және қабырғаларының сылақтары бұзылған жағдайда тез арада қалпына келтіру шараларын қарастыру;
- Қатты отынмен жанатын пештердің түтін өтетін мұржаларын ұшқын сөндіретін құралдармен жабдықтау.
Тыйым салынады:
-Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сонымен қатар, кішкентай балаларды пешті қаратуға;
- Отынды, басқа да жанғыш заттарды және материалдарды пештің алдында қалдыруға;
- Пешті жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да тез жанатын және жанатын сұйықтықтарды қолдануға;
- Пештерді тағайындалмаған отынның мына түрлерімен: көмірмен, кокспен және газбен жағуға;
- Пешті қатты қыздырып жағуға.
Жалпы улы газдың түсі, дәмі және иісі болмағанымен уландырғыш болып табылады және тітіркендірмейді, оны адамның табуы өте қиын. Толық жанып бітпеген көмір, көмірқышқыл газымен өзара әрекеттесіп, улы газ пайда болатындығын ұмытпаңыз.
Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада телефон арқылы «101» нөміріне хабарлап, өртті сөндіруге,  адамдар мен бағалы заттарды қауіпсіз жерге көшіруге шаралар қолдану қажет.
Естеріңізде болсын! Өрттің алдын алудың ең маңыздысы-ол өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау. От салғырттықты кешірмейді. Сенімді пеш және оны дұрыс қолдану – Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі!

Медет ТАУКЕБАЕВ,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін764
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8004
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36111
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776281

Серіктестер