Онлайн газет



ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Департаментпен ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына сыртқы мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Мониторинг барысында Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан қызмет алушының «Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметін алу үшін «Е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы жолданған өтінішіне негізсіз бас тартылғандығы анықталды.
Аталған бөліммен қызмет алушының өтінімі бойынша Жамбыл облысы әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының тиісті эскиздік жобаларды міндетті түрде басқармамен келісу қажеттігі туралы хатына сілтеме жасалып, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған.
Осыған орай, Департамент тарапынан бөлімге қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде, «Е-лицензия» ақпараттық жүйесінің жаңа мүмкіндігі арқылы, яғни қызмет алушы қайта өтінішпен жүгінбей, оған қызмет көрсетудің оң нәтижесі беріліп, бұзылған құқығы толықтай қалпына келтірілді.

Руслан Шарипов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін888
mod_vvisit_counterКеше1670
mod_vvisit_counterОсы аптада2558
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда10842
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2937857

Серіктестер