Атаулы әлеуметтік көмек Әлеуметтік кодекске сәйкес отбасына кірген табысты жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. Әлеуметтік кодекске сәйкес ауданда 2024 жылдың қорытындысы бойынша Орталық консультанты мен ассистенттері тарапынан атаулы әлеуметтік көмек туралы 2380 отбасына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 549 отбасынан өтініш қабылданды. Оның 456 отбасындағы 2786 адамына
әлеуметтік көмек тағайындалды, 93 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылды. Атап айтқанда 61 отбасына кірген табысты жан басына шаққанда орташа табысы кедейшілік шегінен асып кетуіне байланысты; - 5 отбасына жалған мәліметтер немесе анық емес құжаттар ұсынғаны үшін; - 10 отбасына отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысудан бас тартқаны үшін; - 17 отбасына учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде бас тартылды. Көмек тағайындалған отбасылар ішінен 78 отбасындағы 383 адам шартсыз ақшалай көмек алушылар болса, 389 отбасындағы 2482 адам шартты ақшалай көмек алушылар болып табылады. Шартты ақшалай көмек тағайындалған отбасылар ішіндегі 297 адам 3 жасқа дейінгі бала күтіміндегі отырғандар болса, жұмысы жоқ 195 азамат жұмыспен қамтылды, яғни жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Шартты ақшалай көмек тағайындалған отбасылардың ішінен 4 отбасына әлеуметтік келісімшартты толық көлемде орындамағаны үшін, 3 отбасының басқа елдімекендерге қоныс аударғанына байланысты тағайындалған көмек тоқтатылды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетумен қатар осы көмекті алушы отбасының құрамындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға АӘК тағайындау кезеңіне әр балаға 1,5 АЕК (5898 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленуде.
Құралай Авдыпова, Еңбек мобильдігі орталығы Байзақ ауданы бойынша "Мансаптық орталық" филиалының консультанты. |