Онлайн газет



КІТАП – АЛТЫН ҚАЗЫНА

Жамбыл облысында биыл «2025 жыл – кітап оқу жылы» болып жариялануына орай «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында  Байзақ аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде “Байзақ елі қаламгерлерінің қарымы” атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, танымал әнші Алмахан Исабаевтың орындауында ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатырдың  «Сарыкемерім» әнімен басталды.
Кеш барысында аймағымыздан шыққан ақын, жазушылар-Арғынбай Бекбосын, Жақсылық Сәтібеков, Асылхан Рахманов, Асан Әлмақашұлы, Қайыпназар Шотбасов, Қасқырбай Нарбатыр, Ғайни Әлімбекова, Перизат Оспанова, Нәзира Бердалының өмірі мен шығармашылығынан ақпарат берілді. Қол жеткізген жетістіктері мақтанышпен атап өтілді.
Алғашқы сөзді «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы  Индира Спаналиева алды.
-Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасын енгізе отырып, халықты, өңіріміздегі барлық азаматтардың кітапқа деген құштарлығын арттыру, рухани баюына, кітапқа құмарлық немесе кітапты оқуға деген құштарлықты әр адамның бойына сіңіру, ұлттық мәдениетті сақтау мен дамыту мақсатында аудандық кітапхана осы іс-шараны ұйымдастырып отыр. Өте жақсы тақырыпты таңдап алған. Біздің ауданымызда қаншама қаламгерлеріміз бар, аты да заты да өзіне сай. Осы шараны ұйымдастырушыларға алғысымды айта отырып, өз жерлестерімді кітап оқуға шақырамын, - деді Индира Абылханқызы.
Ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр  елге танымал Арғынбай Бекбосын, Жақсылық Сәтібеков, Асылхан Рахманов, Асан Әлмақашұлы, Қайыпназар Шотбасов сияқты қарымды қаламгерлердің шығармаларын жас ұрпақ оқып, біліп жүрсе екен деген тілегін жеткізді.
Ақын Жанатбек Тұрғынбаевта кітап оқыған адамның жан-жақты дамиды, өседі десе, ақын-ұстаз Перизат Оспанова өзінің туындысы «Өмір қымбат» өлеңін оқып, М.Мақатаевтың «Арулар» әнін гитарамен орындады.
Одан кейін  мәдениет үйінің қызметкері  Бақытжан Байкүшіков пен Алина Өмірбай  қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосынның «Тақ пен зындан», Зарина Сатышева мен Миналаддин Садувакаев Қайыпназар Шотбасовтың «Асыл адам», Мая Көпенова, Гүлім Түймебай, Аяна Құрмандар Қасқырбай Нарбатырдың «Жүрекпен тыңдау керек Нұрғисаны», «Өмір өзен», «Ұстаз керек», Ақ-Баян Ақтан, Сайма Асланбекова Ғайни Әлімбекқызының «Өлең қайда, мен қайда?», «Отан», Айзере Әбдіқали, Нурикамал Баятова, Жанерке Абдуалы Жанатбек Тұрғынбайдың «Шынар  дыбыс», «Ару қыздар», «Кездесу», Расул Рахиев Перизат Оспанованың «Мұқағалиға арнау», Шапағат Қойшыбай Нәзира Бердалының «Қар боп ұшып келемін», «Қай әлемде жүрсің қазір, нұрлы арман?» атты өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқыды.
Шара соңында қатысушылар назарына “Байзақ елі таланттарының туындылары” атты виртуалды кітап көрмесі ұсынылды.

Мадина ЕРКІНҚЫЗЫ.

Обновлено 25.02.2025 11:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін818
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8058
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36165
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776335

Серіктестер