Онлайн газет



ОРМАН ӨРТІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙІК

Еліміздің орман қоры аз екені белгілі. Ал осы қорды сақтау – мемлекет үшін маңызды. Орманды өрттен сақтау, табиғатқа тағылық көрсетпеу – ортақ міндет. Өрт – тілсіз жау, елдің, өңірдің экономикалық әлеуетіне үлкен материалдық шығын келтіріп, тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына  арнаған Жолдауында: “Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет. Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де өте маңызды. Мен Президент болып сайланған күннен бастап осы мәселеге ерекше мән беріп келемін”, - дей келе, экологиялық ахуалды жақсарту-алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі екендігін, бұл бағытта атқарылатын жұмыстарды атап өткен болатын.
Орман алқаптары-өмірдің тіршілік көзі.  Ал орманның жауы бар, бұл-от.  Өрт қауіпсіздігі-өмір қажеттілігі. Шоқтың шаласынан, сіріңкенің толық өшпеуінен, темекі тұқылынан пайда болатын өрттің соңы адамзат өміріне үлкен қауіп төндіретін апатқа айналып жатады.
Орман өрттері құрғақ ауа-райы мен желдің бағыты мен күшіне қарай үлкен аумаққа таралып кетеді. Өрттің шығу себептеріне тоқталсақ, олардың біреуі адамдардың кінәсінен, ал тоғызы найзағай салдарынан. Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандары үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Орман және дала өрттерінің алдын алу, оны болдырмауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары аудан көлеміндегі мекемелерде, ауылдық округтер мен шаруа қожалықтарға таратылатын ескерту хаттар жатады. Орман қоры жеріндегі тоғыз жолдың торабында, демалатын орындарда, орман жұмыстары жүріп жатқан аймақтарда ескертпе тақтайшалар (аншлагтар), хабарламалар арқылы өрттен сақтандыру шаралары жүргізілуі қажет. Алайда осыларды орман-тоғайлы жерлердің маңында демалушылар ескере бермейді. Әрбір жеке тұлға, орманды жанама пайдаланушылар мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы орманды тілсіз жау өрттен қорғауға, аман сақтауға ықпалдарын тигізетіні анық.
Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі биылғы жылдың өрт қаупі маусымына дайындықтарының алдын алуда. Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес.
Құрметті аудан тұрғындары!
Өрттің - тілсіз жау екенін және өрт болған жағдайда табиғатқа орасан шығындар келтіретіні бәрімізге де белгілі. Орман-тоғайларда өрт орын алса оңайлықпен сөнбейді, айналасындағы бірнеше шаршы метр жерге дейінгі өсімдік ағаштарды және аң-құстардың мекен ететін орындарын жояды.
Сол себепті табиғат берген байлықты сақтап, орман қорын қорғап, өсімін молайтуға көпшілік болып атсалысуымыз керек. Орман-тоғай өрттері орын алған жағдайда “101” немесе 2-18-66 телефонына хабарласыңыздар

Мақсат  Заурбеков,
Байзақ ормандарды және жануарлар  дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің  орман қорғау және күзету бас инженері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін806
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8046
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36153
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776323

Серіктестер