Адам ағзасына вирус жүйке жолдары арқылы таралады, миға барады, онда қабыну дамиды, орталық жүйке жүйесінің өмірлік маңызды элементтерінің жұмысын бұзады, нәтижесінде адам өліміне әкеліп соғады. Табиғатта құтыру ауруын сақтап және таратып отыратын қасқыр, түлкі, шибөрі, тағы басқалар. Адамдарға негізінен бұл ауруды жұқтыратын қаңғыбас иттер мен мысықтар. Үй жануарлары: ірі қара малдар мен уақ малдар жайылымда жүргенде, қаңғыбас иттер жемтік іздеп жүргенде, жабайы хайуаннан жарақат алып, өздеріне ауру жұқтырады. Иттер ауру жұқтырған кезде өз егесін танымайды, тамақ, су ішпейді. Өзінен-өзі аршаланып үреді. Қараңғы жерге тығылады, адамдарды тістеуге
ұмтылады. Ал ірі қара мал шөп жемейді, судан үркіп қорқады, адамдарды және малдарды сүзеді. Ауырған үй жануарлары, соның ішінде ит бірінші күннен қауіпті, өйткені құтыру ауруының вирусы ортаға бөлінеді. Ауырған үй жануарлары құтыру ауруын адамдарға тістегенде, тырнағанда және сілекейі тигенде жұқтырады. Сілекейде вирус өте көп мөлшерде болады. Құтыру ауруына күдікті немесе белгісіз иттер жарақат алған кезде сол орынды сабынды сумен жуу керек. Бұл басты шарт, себебі вирус организмге көп мөлшерде енбеуі үшін. Кейіннен тез арада дәрігерге көріну қажет. Құтыру ауруының алдын алу үшін жарақат алған адамға антирабикалық вакцина тағайындалған схема бойынша егіледі. Егерде ит белгілі болса, ол 10 күн бойы ветеринарлық бақылауға алынады. Осы мерзімде дені сау болса, онда вакцинаның үш мөлшері–қысқа курсы егіледі. Мұндай жағдайда жергілікті ветеринардан ит туралы анықтаманы вакцина егетін дәрігерге тапсыру қажет. Анықтама он бірінші күні толтырылуы тиіс. Ит жоғалып кетсе немесе ауырып қалса, онда вакцинаның 5 мөлшері-толық курсы егіледі. Вакцинаның толық курсы тағайындалып, 2-3 мөлшерден кейін қалған вакцинаны қабылдамаса, ол адам құтыру ауруымен ауырып қалуы әбден мүмкін. Себебі, адам организмінде құтыру ауруының вирусын жеп қоятын денелер толық пайда болмайды. Вакцина қабылдаған адамға, вакцинаның соңғы мөлшерін қабылдағаннан кейін, 90 күн бойы спирттік ішімдік ішуге тыйым салынады. Сонымен қатар ол адам организмін жоғары деңгейдегі ыстықтан (перенагревание) және суықтан (переохлаждение) сақтауы тиіс. Бұл жағдайлар ескерілмесе, вакцина кері әсерін тигізуі ықтимал. Құтыру ауруының (инкубация) кезеңі 12 күннен бір жылға дейін. Адамдар арасында құтырудың алдын алудың басты жолы: қаңғыбас иттер мен мысықтардың көзін жою, жеке меншік сектордағы иттерді байлап ұстау және осы иттерге жылына бір рет вакцина егу. Құрметті аудан тұрғындары! Өз қарамағыңыздағы иттерді байлап ұстаңыздар және дер кезінде вакцинасын ектіріңіздер. Бос жүрген иттер қаңғыбас иттер ретінде саналады және бұл иттердің құтыру ауруымен ауырып, адамға жұқтыру қаупі өте үлкен. Себебі көшеде жүрген бос иттер тамаққа, тағы басқа нәрсеге ауру итпен таласып өзіне ауру жұқтырады. Ауру кезеңі кезінде бұл ит өзінің егесін, жанұя мүшелерін және көшеден өтіп бара жатқан басқа адамдарды, үй жануарларын жарақаттап ауру жұқтырады. Құтыру ауруының емі жоқ, соңы өлімге әкеліп соқтырады, бірақ оның алдын алудың жолы бар. Иттен және тағы басқа жануарлардан жарақат алған кезде жарақат орнын сабынды сумен жуу, тез арада дәрігерге көріну, тағайындалған егу курсын тәртіп бойынша қабылдау естеріңізден шықпасын.
Рита Алтынбасова аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы. |