Онлайн газет



ӨЗЕН АРНАСЫ ТАЗАЛАНЫП, ЖАҒАЛАУЫ НЫҒАЙТЫЛДЫ

Ауданымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ғали Кенжеахметов өзен жағалауындағы жұмыстармен танысты.
Аудан әкімі Олжас Баққараев Мемлекеттік инспекторды Сарыкемер  ауылының күн шығыс жағындағы Бәйдібек баба көшесі бұрылысы мен Б.Момышұлы көшесінің аяқ жағындағы Талас өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарымен таныстырды.
Сондай-ақ “Алматы-Ташкент-Термез” автожолы бағытындағы Диқан ауылдық округіне қарасты “Денсаулық” саяжайы маңындағы Талас өзенінің арнасын тазалау, жағасын нығайту жұмыстары туралы айтып берді.
Ағымдағы жылы Талас өзенінің аса қауіпті аймақтарына қайта зерделеу жұмыстары жүргізіліп, өзен арнасын нығайту жұмыстарын қажет ететін 5 аймақ анықталып, бүгінгі таңда белгіленген жұмыстар аяқталған.
Аталған жұмыстарға қарағанда Талас өзеніндегі судың тасып кету қауіпі едәуір төмендеген.


Атап айтқанда, жалпы алғанда ұзындығы 1160 метрді құрайтын өзен арнасын тазалау жұмыстары және 900 метрді құрайтын жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілген. Мұнда 8710 текше метр құм шағал төселіп, бөгеттердің ішкі жағалары 3100 текше метр тау тастарымен қаланып, нығайтылған. Аталған жұмыстар «Жамбыл су қоймалары» және «Талас-Аса» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары және жеке тұлғалардан жалданған 16 бірлік техникаларымен атқарылған.
Мемлекеттік инспектор Талас өзені жағалауындағы халықтың қауіпсіздігі үшін жасалған  нығайту жұмыстарына оң бағасын берді.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 21.02.2025 11:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін798
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8038
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36145
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776315

Серіктестер