Онлайн газет



ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуроры Ақберген Мүлкемановтың төрағалық етуімен құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының мекемеаралық мәжілісі өтті.
Мәжіліске аудан әкімі Олжас Баққараев, сондай-ақ, аудан әкімі  аппаратының қызметкерлері, қоғамдық ұйым төрағалары,  аудандық прокуратура, полиция, пробация органдарының қызметкерлері, округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, мектеп директорлары мен учаскелік полиция инспекторлары

қатысты.
Жиынды аудан прокуроры Ақберген Жанысбекұлы ашып, күн тәртібімен таныстырған соң, “Құқық бұзушылықтардың алдын алу” және “Қауіпсіз-Байзақ” жобасы бойынша атқарылған жұмыстардың тиімділігі туралы” аудан прокурорының орынбасары Сұңғат Байготановтың баяндамасы тыңдалды.
Баяндамашы өткен жылы аудан аумағында орын алған қылмыстарға, соның ішінде  бұрын сотталғандар тарапынан жасалған қылмыс пен интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстарда өсімнің барлығына тоқталды. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дархан Нұралиев күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қысқаша хабарлама жасады.

 


Әрмен қарай Байзақ ауданының аумағында су тасқынының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың барысы жөнінде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Әлібек Қуанышев ақпарат берді. Ол  су тасқынының алдын алу мақсатында Талас өзені жағалауын нығайту, өзен арнасын кеңейту мен табанын тазалау жұмыстары жүргізілгендігін мәлімдеді.
Мәжілісте аудан әкімі Олжас Елебекұлы сөз сөйлеп, заң мен тәртіп қағидатын сақтау-ортақ міндет екендігін, бюджеттен қаражат бөлініп, тұрғын үймен қамтылып, жағдай жасалғанымен бірқатар учаскелік инспекторлар елді мекендерде тұрмайтындығын баса айтты. Сонымен қатар педагог-психологтардың сапалық құрамы мен біліктілігін анықтаудың маңыздылығын атап өтті. Ауданда жайсыз отбасылардың картасы әзірленіп, оларға жан-жақты көмек беру-басты назарда екендігін жеткізді.
Білім бөліміне байланысты айтылған мәселелерге аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев түсініктеме берді.
Аудан прокуроры Ақберген Мүлкеманов заң мен тәртіпті қамтамасыз ету-ортақ мақсатымыз екендігін, құқық бұзушылыққа жол бермеуге әрқайсымыз үлес қосуымыз қажеттігін айтып, жиынды түйіндеді.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 21.02.2025 11:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін824
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8064
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36171
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776341

Серіктестер