Онлайн газет



БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУҒА АРНАЛДЫ


Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйытқы болуымен әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында бір күндік оқыту-семинары өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, аудан әкімі аппараты және оған қарасты бөлімнің басшылары, “Жастар ресурстық орталығының” қызметкерлері, аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы, саяси партия және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинарды облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов ашып, сөзді Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловке берді.
Серғали Өмірзақұлы өтіп жатқан шараның басты мақсаты - аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналғандығын айтты. Қазақстандағы сайлау процесін трансформациялау барысы, жалпыға бірдей сайлау құқығы және “Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қала, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша процестегі ерекшеліктері туралы” тақырыбында баяндама жасады.


Мұнан кейін “Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауын даярлау мен өткізу барысындағы жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі туралы” аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Бауыржан Танашевтың, “Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну және тіркеу” және “Әкімдікке кандидаттардың құжаттарын заң талаптарына сәйкестігін тексеру туралы”  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Бағлан Рахметованың, “Сайлаушылар тізімін қалыптастыру тәртібі, тізімге енгізу, таныстыру және сайлаушылардың құқығы”, “Сайлау алдындағы үгіт,  байқаушылар, сенім білдірген адамдар туралы” және “Сайлаушылардың дауыс беретін уақыты мен орны туралы хабардар етудің алгоритмі”, “Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру және дауыс беру қорытындыларын айқындау тәртібі туралы” аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Абдан Тулепбергеновтың, “Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар арқылы ақпараттандырудың негізгі аспектілері немесе алтын уақыт алгоритмі туралы” аудандық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Абдикаримовтың, “Әкім сайлауын мемлекеттік қаржыландыру туралы” және “Кандидаттың қаржыны жұмсаудың және олардың нақты мөлшерлеріне негізделген алгоритмі” туралы аудан әкімдігі қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, бас есепші Баян Етекбаеваның, “Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы” және “Мүгедектігі бар сайлаушыларға дауыс беруді ұйымдастыру алгоритмі туралы” аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Асқар Шаухаровтың, “Жанжалды жағдайларды басудың медиативті технологиялары туралы” Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Мейіржан Сембековтің, “Сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау комиссиясының әрекеттеріне шағым жасау, оларға қаралған құқықтық жауапкершілік туралы” және “Төтенше жағдай және арыз-шағымды қарау алгоритмі туралы” Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Еркін Жапаровтың баяндамалары тыңдалды.
Осы баяндамалар негізінде семинар қатысушылары ЛЭД экранға шығарылған IQ-қа ұялы телефон арқылы кіріп, “Сайлау туралы” Конституциялық заңға сәйкес білім деңгейін анықтауға бағытталған, сондай-ақ, күн тәртібіндегі қаралған мәселелерге қатысты кейстік тапсырмалар талқыланды.Тест қорытындысын оқыту-семинарға жауапты жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Алмас Аппазов жария етті.
Семинар соңында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов қатысушыларға сертификаттар табыстады.

Өз тілшіміз.

Обновлено 21.02.2025 11:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін784
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8024
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36131
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776301

Серіктестер