Онлайн газет



ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА

Жастар-еліміздің жарқын болашағы. Заң үстемдігі орнаған Әділетті Қазақстанды құру жолында  ел жастарына жүктелген міндеттің ауқымды екендігі айдан анық. Бұл тұрғыда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа адамдар” жастар форумында:
”Біз жұрттан көш ілгері жүретін ел боламыз. Үйренетін де, үйрететін де ұлт боламыз. Жастар барлық өзгерістердің бастауында тұрады” дей келе,  ел үшін адал қызмет ету-жауапкершілік алудан қорықпайтын, батыл азаматтардың қолынан келетін жұмыс екендігін, елімізде жастарға барлық мүмкіндік жасалып жатқандығын атап өтті.
Ауданда бүгінгі күнге 14-35 жас аралығындағы 31578 жас тұрып жатса, олар аудан халқының 29,1% құрап отыр. Орталық алдын ала дайындалған жоспарына сай жұмысты жандандыруда.
Аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірлесіп, 2024 жылы ауыл және ауылдық округтерде мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында «Jastarga kenes» жобасы аясында  кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, тұрғын үй, құқықтық, психологиялық бағытта кеңестер беру үшін түрлі сала мамандарын тарта отырып, ауыл және ауылдық округтерде 36 көшпелі кеңес беру, 45 ашық есік күні ұйымдастырылды.
Кеңес беру алаңдары нәтижесінде жастар, жас отбасылар «Отбасы банкі» арқылы 98  жас тұрғын үй алу және бастапқы жарналарды жинақтау үшін депозит ашты. Мансап орталығы арқылы 289 жас кеңес алып, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 69 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа 48 жас тартылса, «Бизнес бастау» жобасы аясында 109 жас онлайн оқудан өтті.
Бүгінгі күнге әртүрлі бағытта 9917 жасқа консультациялық кеңестер беріліп, жастар мәселесін оңтайлы шешу мақсатында тиісті мекемелерге жолданды.
Ауданда өткен жылы 11 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Жәрмеңкелерге 400-ге жуық жұмыс беруші мекеме өкілі қатысып, 1500 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 3500 жұмыссыз қатысса, оның 3000-і жастар.
Жәрмеңке арқасында ақылы қоғамдық жұмысқа - 244, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша - 252, әлеуметтік жұмыс орындарына -52, «Алғашқы жұмыс орнына» - 100 жас орналасты. Сондай-ақ «Бастау» курсынан - 298 жас өтсе, қайтарымсыз грантты - 46 жас алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған «Ұлттық қор балаларға» жобасы аясында ауданда 2006 жылғы туған 500-ге жуық жасқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 18 жасқа толған 218 жас қор қаражатын пайдаланды. Оның ішінде 111 жас оқу ақысына төлем жасаса, 107 жас баспаналы болу үшін «Отбасы банк» арқылы депозит ашып, қор қаражатын алды.
2024 жылы бағдарлама аясында ресурстық орталық тарапынан үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 100-ден аса жас қызығушылық танытып, талапқа сәйкес келетін 64 маман «Баспана маркет» порталы арқылы өтініш тастады. Оның ішінде 60 маман көтерме жәрдемақы, 31 маман тұрғын үй алуға кезекке тұрды. 
Ауданда уақытша бос жүрген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмыс атқаруда. 2024 жылға бекітілген межеге сәйкес, 100 жасты  «Жасыл ел» бағдарламасы аясына жұмысқа тарту көзделіп, 6,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Бүгінгі күнге бағдарламаға қатысу үшін уақытша бос жүрген жастарға ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, 100 жас «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс жасады. Оның ішінде 48 жас уақытша бос жүрген жастар болса, 2 жас пробация есебінде тұрған, ал қалған 50 жас өз еркімен өтініш білдірген жастар. Жасалынған жұмыс нәтижесінде, 7800 аумақ тазаланса, 14,9 тонна қоқыс шығарылды. Жоспар бойынша барлық жұмыстар орындалды.
Аудан бойынша уақытша бос жүрген жұмыссыз жастардың әлеуметтік мәртебесін анықтау үшін «е-Собес» бағдарламасы арқылы  «Отбасы  цифрлық карта» базасында Д, Е категориялары бойынша 1 803 жасты өзектендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, Д категориясымен 1 152 отбасы тіркелсе, жастар саны 1 371 құрайды. Ал Е категориясымен 385 отбасы тіркелсе, жастар саны 432-ні құрап отыр. Ауылдық округтердегі жастармен жұмыс жөніндегі мамандар тізімге сай ауыл жастарының тұрғылықты мекенжайына барып, анықталған категория бойынша адрестік жұмыстар жүргізуде.
ZHAS PROJEСT: JAMBYL, ŪLYТAU әлеуметтік жобасы аясында  Жамбыл облысына жыл сайын 8 жоба бөлінсе, ауданымыздан 6 жобаға өтінім беріліп, 1 жобаның жеңімпазы атандық. «Біз біргеміз» атты ерекше жандарға тігін үйрету клубы атты жобаны Сарыкемер ауылының тұрғыны Созақбаев Танжар Сайлауұлы іске асырды.
Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындау және уақытша бос жүрген жастардың уақытын тиімді өткізу мақсатында өткен жылы  1488  іс-шара өткізіліп, оған 32828  жас қамтылды. 
Ауданда жастар мен жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті арттыру бағыты бойынша  264 іс-шара өткізіліп, оған  3090 жас қамтылды.  Атап айтсақ, «Айбынды әскер ел ертеңі» атты акция, «Жастар және қылмыс», «Тәртіпке бағынған құл болмас» тақырыбында жастармен кездесулер ұйымдастырылып, аудандық полиция бөлімімен бірлесе «Түнгі рейд» атты рейдтік шаралар жүргізілді. 
Еріктілер көктемгі дала жұмыстарына тартылып, тазалық, тал егу, көгалдандыру акцияларына атсалысты. Экологиялық мәдениет қалыптастыру және көгеріштендіру мақсатында еріктілермен «Таза ауыл», «Экосана», «EkoLiFe», «Таза Қазақстан» тағы басқа тақырыптарда сенбіліктер ұйымдастырылып, тиісті орындар 18 тоннаға жуық күл-қоқыстан тазартылды.
Волонтерлік «Қамқор» бағыттары аясында әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты қарттардың үйіне дәрі-дәрмек, 9 үйге азық-түлік жеткізіліп, 19 үйге тазалық жұмыстары жүргізілді. Жыл ішінде осындай 215 шара ұйымдастырылып, оған 1739 жас қамтылды.
Ауданда жастар ресурстық орталығы жанынан Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, №115 ”А” мекенжайында орналасқан «ҚАМҚОР» қайырымдылық дүкені ашылған. Бүгінгі күнде ауданның 47 тұрғыны қажетті киім-кешек, балалар ойыншықтары және жиһаздар алды. Қазіргі уақытта мұқтаж азаматтар өздеріне қажеттілерін алуда.
2024 жылы ақпанда ауданда жайдарманшылар клубы құрылып, оған 130 жас мүшелікке тіркелді. Жыл ішінде олар 6 жайдарман ойынын өткізіп, оған  986 жасты қамтыды. Жайдарман клубының мүшелері «Аказаки» жайдарман командасын құрып, Астана, Алматы қаласындағы ойындарда өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, Тараз қаласында өткен ойында жүлделі 3 орынды иеленіп, команда мүшелері Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық университеттен 2023-2024 оқу жылының оқу төлем ақысына 25% жеңілдікке ие болды. Бүгінде олар жайдарман ойындарының Алматы қаласындағы лигада өз өнерлерін көрсетуде.
Аудан бойынша өткен жылдың  ақпан айында «BАIZAQ» пікірсайыс клубы құрылып, ережесі бекітілді. Аталмыш клуб мүшелігіне 33 орта мектебінің дебат клубтары біріктірілді. Клубтың жұмыс жоспары бекітіліп, жастарды ынталандыру мақсатында «Baizaq CUP:Tuimekent»,  «Baizaq CUP:GM» атты кубок жобасы іске асырылды. Сонымен қатар мамыр айында Қызыл жұлдыз ауылдық округінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына орайластырылған «TALAP GUP-2024» атты дебат ойындарынан облыстық турнир ұйымдастырылды. Турнирге облыстың барлық аудандарынан 80-ге жуық команда қатысты.
Жастар еліміздің келешегі. Академик Ахмет Жұбанов “Жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт” деген болатын. Өскелең ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, отаншылдық сезімді орнықтыру, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз бен тарихты білуі, тілін құрметтеуі, халқымыздың біртуар тұлғаларының өмірі мен еңбегін үлгі тұтуы, ауданымыздан шыққан тұғырлы азаматтар мен қарапайым еңбек адамдарының өнегелі өмірінен үлгі-өнеге алуы маңызды деп білеміз. Сонымен қатар қоғамда жастардың жауапкершілігі мен азаматтық белсенділігін дамыту, саламатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етуі, ел бірлігі пен ынтымағын сақтауға бағытталған іс-шаралар қолға алынып, нәтижесін беруде.
Орталық алдағы уақытта да жастармен жұмысты жандандыра беретін болады.

Мұхтар ҚОЗБАЕВ,
«Жастар ресурстық орталығының» директоры.

Обновлено 21.02.2025 11:15
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін840
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8080
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36187
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776357

Серіктестер