Онлайн газет



ЖҮЛДЕГЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Диқан ауылдық округіне қарасты Жеңіс ауылындағы Мәншүк Мәметова атындағы негізгі мектебінде  20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында “Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек” атты психологиялық айлық аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер топ жарды.
Айлықтың ашылу салтанатында мектеп директоры  Еділбек Тасбауов шараның басты міндетіне тоқтала келе,  жақсы сөз, жақсы тілек, ыстық ықылас, адамға құрмет көрсетудің  маңыздылығын атап өтті.
Алдымен “Жақсы тілек айту күні” бағыты бойынша “Тілек айту” тақырыбында мектеп қызметкерлері мен мұғалімдер және 5-9-сынып оқушылары  бір-бірлеріне тілектерін жазып, ыстық ықыластарын білдірді. “Объективте-тек қана позитив” тақырыбында 5-9-сынып оқушылары фотосуреттер көрмесін ұйымдастырды. Мұнда көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыратын фотосуреттер көрмесінде бірінші орынды 6-сынып, екінші және үшінші орындарды 7 мен 5-сынып оқушылары иемденді. Сондай-ақ 7-9-сынып оқушылары арасында “Өмір қымбатсың маған!”  эсселер байқауы өткізілді. Онда бірінші орынды Алина Серік, екінші орынды Нұрай Молдабек, үшінші орынды Кәусар Кемел олжалады.
“Отбасы күні” бағытының маңыздылығын паш ететін “Жақыныңнан жылы сөз” атты шарада оқушының отбасы мүшелерінен видеоүндеулер көрсетіліп, 6, 7, 9-сынып оқушылары жүлделі орындардан көріне білді.
Кибербуллинг-жаңа заманның залалы.  Статистика бойынша   Қазақстанда әрбір үшінші бала буллинг пен  кибербуллингке тап болады екен.  Сондықтан баланың  тәрбиесі мен қауіпсіздігіне ата-аналар жауапты екендігін естен шығармағандары абзал.
Буллинг, зорлық-зомбылықтың алдын алу және мұғалімдердің сауаттылығын арттыру мақсатында слайдтар көрсетіліп, ата-аналармен тренинг-сабақтар жүргізілді. Мұнымен қатар, “Қарым-қатынас күні” бағытына орай, “Қарым-қатынас жасай білесіз бе?” тақырыбында мектеп мұғалімдерімен, “Үміт пен сенім бізді алға жетелейді” тақырыбында 9-сынып оқушыларымен тренингтер өтті.
Ақпан айының үшінде “Біріміз бәріміз үшін-бәріміз біріміз үшін” күні бағыты бойынша сыныптармен психологиялық ойындар-жаттығулар ұйымдастырылды. “Психолог сағаты” күні бағытымен 8-9-сыныптардан “Бектің депрессия шкаласы” сауалнамасы алынып, нәтижесі өңделіп, ата-аналарға арналған “Әр бала бақытты болуға лайықты” үнпарақтар таратылды.Оқушыларға психологиялық кеңестер берілді. Сонымен қатар, “Психикалық денсаулықты насихаттау және эмоционалдық денсаулықты сақтау” күні бағыты бойынша “Кез келген мәселенің шешімі табылады”, “Мен ертеңіме сенемін”, “Жаныңда жүр жақсы адам”  тақырыптарында видеороликтер байқауы өткізілді. Нәтижесінде мектепшілік 1 орынды 7-сынып, 2 орынды 8-сынып, 3 орынды 5-сынып оқушылары жеңіп алып, арнайы марапатталды.
“Өмір теңіз жүзем онда демеңіз-ізгіліктен жасалмаса кемеңіз” күніне орай, мектеп қызметкерлері, мұғалімдер мен 5-9-сынып оқушыларына интеллектуалды сайыстар ұйымдастырылып өткізілді.
Айлықтың жабылу салтанатында белсенді қатысушылардың барлығы марапатталып, атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желілерге жүктелді.

Гаухар Тойбаева,
мектеп педагог-психологы.

Обновлено 21.02.2025 11:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін790
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8030
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36137
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776307

Серіктестер