Онлайн газет



БАЛАЛАР - ЕРТЕГІ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТТАДЫ

Өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілігі мол, әдепті де қайырымды, білімге құштар етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны орасан. Ертегі арқылы балалардың ой-өрісі кеңейіп, сөздік қоры байып, жақсы мен жаманды, обал, сауап, ұяттың мағынасын түсінеді. Осы мақсатта «Балдырған» балалар бақшасының мектепалды тобымен «Ертегілер әлемінде» атты қиял ғажайып ертегілер танымдық сағатын өткіздім.
Танымдық сағатына аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шырын Қапарова, мүшелері Шамша Жұмабаева мен Дариякүл Еліқұлова қатысып, бүлдіршіндерге «Алтын сақа» халық ертегісін мәнеріне келтіріп айтып берді. Ертегіні мұқият тыңдаған Аселина Нұржан, Ердәулет Қаныш, Амина Совет, Омар Русланұлы, Ернар Есжан, Жасмин Аманжандар ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін талдап, оларға баға берді. Өз кезегінде ақжаулықты аналар бүлдіршіндерді халқымыздың  ертегілерін  оқуға, кейіпкерлердің жақсы әрекеттерінен өнеге алуға шақырды.
Бұдан соң, әжелер  балаларға  қазақ халқының ұлттық ойындары, соның ішінде «бес тас» ойынын асықты қолдана отырып, ойнау тәсілін көрсетті. Балалармен бірге осы ойынды бірге ойнады.
Шара соңында бүлдіршіндер өнерлерін көрсетіп, әжелердің алғысына бөленді.

Рахима  Ахмедова,
тәрбиеші.
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 21.02.2025 11:04
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін770
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8010
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36117
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776287

Серіктестер