
Қазақ халық ертегілері - ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрыпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Жақында «Қазақ ертегілері» атты аудандық байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты-қазақ халқының ертегілерін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау. Балалардың қиялын дамыту, көркемдік талғамын арттыру, сурет салу арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетуге
мүмкіндік беру. Байқау 12-13 жас аралығында «Жас суретшілер» және 14-16 жас аралығында «Жануарлар достығы туралы қысқы қиял-ғажайып ертегі», яғни екі номинациядан тұрды. Қатысушылар әділқазылардың бақылауымен қазақ халық ертегілерінің бір көрінісінен сурет салды, әрі байқауға әр қатысушыдан 1 жұмыс қабылданды. Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені №6 орта мектептің оқушысы Еламан Еркін мен Ю.Гагарин орта мектебінің оқушысы Асемай Нұрғали иеленді. І орынды Н.Киікбаев мектеп-гимназиясының оқушысы Әсел Нұржабай, Дихан тірек мектебінің оқушысы Гүлназ Бектұрсынқызы және Н.Киікбаев мектеп-гимназиясының оқушысы Нұрберген Бейбіт жеңіп алды. ІІ орынды №6 орта мектептің оқушысы Азамат Данияр, Дихан тірек мектебінің оқушысы Балерке Дүйсен, Ю.Гагарин орта мектебінің оқушысы Бегзад Жамалоддин, М.Мәметова атындағы негізгі мектептің оқушысы Ділдә Нұрболқызы, үшінші орынды №7 орта мектептің оқушысы Бағұл Жұмахан, М.Мәметова атындағы негізгі мектептің оқушысы Нұрислам Бауыржанұлы, №7 орта мектептің оқушысы Ақарыс Сұлтанбай, Берікқара орта мектебінің оқушысы Ақнұр Қалдықұл ие болды. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Гүлжанар Пралиева, Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығы “Шамшырақ” үйірмесінің жетекшісі. |
Обновлено 21.02.2025 10:59 |