
Халықаралық балалар қатерлі ісігіне қарсы күрес күніне орай Байзақ аудандық орталық емханасы, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” және “Болашақ” еріктілер тобының қолдауымен “Қатерлі ісікке қарсы бірге күресейік!” ұранымен ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінде дәрігерлер балалардың ата-аналарына 15 ақпан - қатерлі ісікке шалдыққан балалардың Халықаралық күні ретінде
алғаш рет 2002 жылдан бері аталып келе жатқандығын айтты. Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күнінің басты мақсаты - педиатрлардың, бүкіл кәсіби медициналық қауымдастықтың және барлық мамандықтағы әлеуметтік жауапты азаматтардың, балалар онкологиясының жетістіктері мен проблемалары туралы ақпараттандыру, қоғамның назарын қатерлі ісікпен күреске аудару, алдын ала тексерілуге шақыру болып табылатындығы туралы ақпарат берілді. Айтулы күнге орай, емханада онколог дәрігердің бақылауында тұрған балаларға арнап, іс-шара ұйымдастырылды. Психолог маман Ақмарал Жамболова балалардың ата-аналарымен бірнеше психологиялық жаттығулар мен тренингтер жүргізді. Өз кезегінде ата-аналар перзенттерінің денсаулығына қамқорлық көрсетіп жүрген дәрігерлерге алғыстарын айтты. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан балаларға сыйлықтар мен тәттілер табысталды.
Арайлым Үйкекбай, орталық емхананың әлеуметтік қызметкері. |
Обновлено 21.02.2025 10:57 |