Онлайн газет



АРДАГЕРЛЕР ЕРЛІГІ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биыл 36 жыл толып отыр. Соншама уақыт өткенімен сол бір сұрапыл соғыс ел есінен шыға қойған жоқ.
Ауған соғысына ауданымыздан өрімдей 68 азамат қатысса, солардың үшеуі ерлік үлгісін көрсете жүріп,  жат жерде көз жұмды. Бірнешеуі әртүрлі деңгейде дене жарақатын алып, соның зардабын әлі күнге дейін көріпте жүргендері бар. Араларындағы 26 азамат ауылға келгеннен кейін өмірден өтті.
Ауғандық сұм соғыс салған жара соншама уақыт өтседе жазыла қойған жоқ. Демек, жауынгерлеріміздің интернационалдық борышын өтеу кезіндегі ерліктерін бүгінгі ұрпақ ұмытпауы тиіс. Ал ардагерлеріміз үнемі халық назарында болып, оларға деген құрмет көрсетіле береді.
Сондай құрметтің  бірі - өткен аптаның соңғы жұмыс күнінде «Amanat» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында  ауданымыздағы Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Соғыс ардагерлерімен болған басқосуда алдымен «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева сөз алды.
-Ауған соғысының оңай болмағанын жақсы білеміз. Сіздер от пен оқтың арасында жүріп, өздеріңіздің  интернационалдық борыштарыңызды адал  атқардыңыздар. Елге аман-есен келіп, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестеріңізді қостыңыздар. Енді міне бүгін алдыңыз 74 жасқа келіп отырсыздар. Сіздердің соғыста көрсеткен ерліктеріңізді кейінгі ұрпақ ұмытпайды. Ерліктеріңіз бүгінгі жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік  қасиетін дарыта отырып, патриотизмге тәрбиелейді.
Сіздерге қарап жастар бой түзейді. Алдағы уақыттарда да үлкен абыройға бөлене беріңіздер, отбасыларыңыздың амандығын тілейміз, - деді Индира Абылханқызы.
-Бәрімізді таныстырған да, табыстырған да – Ауған жері. Сұрапыл соғыс өтті, оны көзімізбен көріп, ішінде болдық. Менің айтарым Ауған соғысы ардагерлері үлкен күш. Сондықтанда атымызға кір келтірмей алдыңғы қатарда болайық. Қатарымыз азаймасын. Бүгінгідей күні бізді елеп-ескеріп осындай жиын өткізіп, өздерінің ізгі тілектерін арнап отырған аудан басшыларына, партияның аудандық филиалы басшылығына алғыс айтамыз,-деді аудандық Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Сәкен Сыздықов.
Бұдан кейін Түймекент, Сарыкемер ауылдарынан жиынға қатысқан Ауған соғысының ардагерлері Болатбек Еменов пен Әділбек Дауылбаев ардагерлердің басын қосып, отырған аудан басшыларына алғыс айтты. Алдағы уақытта өздерінің мәртебелерін беріп, тиісті жеңілдіктер қаралса дұрыс болатындығында айтып қалды.
Жиын соңында Ауған соғысы ардагерлеріне кездесуді ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар табыс етілді.
*   *   *
Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 36 жыл толуына орай аудан орталығындағы интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті.


Ескерткіш маңындағы жол бойында қаз-қатар тұрған мектеп оқушылары Ауған соғысының ардагерлерін құрметпен қарсы алды.
Жиында аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қыдырәлі Оралов, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева сөз сөйлеп,  жат жерде ерлік көрсетіп, борышын адал атқарған ерлердің ерлігі ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін айтты. Сондай-ақ жауға қарсы күресте байзақтық жауынгерлердің көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығын атап өтті.
Ауған соғысының ардагері Нұрболат Жылысбаев Бауыржан Момышұлының «Соғыстың үлкен-кішісі болмайды» деген сөзіне сүйене отырып, он жылға созылған соғыстың қасіреті оңай болмағандығын айтып, өсіп келе жатқан жастардың  бейбіт заманның қадірін білуге шақырды.
Бұдан соң, жиналғандар ерлікпен опат болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып,  ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 18.02.2025 11:30
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін792
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8032
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36139
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776309

Серіктестер