Онлайн газет



Мамандық таңдау – маңызды мәселе

З.Молдабаев,
№3 Байзақ колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы.

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев халқына арнаған Жолдауында: «Мен жас ұрпақтың болашағы үшін маңызын әрқашанда атап көрсетіп келдім және көрсете беремін. Мемлекет әрбір жас адамның өз еліне міндетті түрде қажет болуы үшін бәрін де жасайды» деген болатын. Елімізде болашақ егелері жастарға  қажетті қамқорлықтар көрсетіліп жатса, ол өз кезегінде ұл-қыздарымызды  білімді азамат, білікті маман болуға міндеттейді.
Жуырда №3Байзақ колледжінде жастарға техникалық және кәсіптік білім алудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Ашық есік күндері» іс-шарасы өткерілді. Оған аудан мектептерінен оқушылар қатыстырылып, оларға колледждегі  фермер шаруашылығы, дәнекерлеу ісі, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, тамақтандыруды ұйымдастыру, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандықтары туралы ақпарат берілді. Әр мамандықтың техникалық базасы, оқу реті таныстырылды. Арнайы көрмелер ұйымдастырылды.»Ашық есік күніне» келген оқушылар колледждің студенттері қойған концерттік бағдарламаны тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Обновлено 29.05.2014 10:21
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін218
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада4907
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21537
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273206

Серіктестер