Онлайн газет



Жемқорлық-қатерлі ДЕРТ

М. Телғозиев,
аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары.

…Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген  тікелей қатер болып саналады.
Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек” деп Елбасымыз айтқандай,  жемқорлықпен аяусыз күрес қоғамымызды қатерлі дерттерден арылтудың бір жолы болып табылады. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Десекте  парақорлыққа толық тосқауыл  қойылды деу ертерек секілді.
Сы­бай­лас жемқорлық  адамзаттың санасына ғана қатерлі емес,  барлық маңызды әлеуметтік салалардың экономикалық өсуі мен дамуы кедергі келтіреді.Тәуелсіз елімізде жемқорлыққа қарсы арнайы заң,   бірнеше бағдарламалар қабылданған. Осыған қарамастан кейінгі кездері лауазымды тұлғалар арасында жемқорлықтың  қақпанына түсіп қалғанын аңғармайды. Жалпы жемқорлық қоғамның барлық өміріне, мемлекеттің конституциялық негіздеріне қатер төндіреді, сондықтан оған қарсы жүргізілетін іс-әрекеттер жалпыұлттық міндет болып табылады. Олай болса,  “көлеңкелі” экономи­каға, адал жолмен табылмаған ақша “ағысына” қарсы тиімді күресті жалпы халық болып қолға алсақ, парақорлықтың тамырын  жоюға болады деп ойлаймыз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1743
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3904
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20534
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272203

Серіктестер