Онлайн газет



АНАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАҒАН

М.Мамырқұлова,
жас ана.

Әйел-ананы ардақтау халқымызда ежелден келе жатқан қағида. Нәзікжандыларға қамқорлық жасау бүгінгі қоғамымызда да  назардан тыс қалмауда. Әсіресе, бала күтімімен үйде отырған аяулы жандарға, олардың нәрестелеріне көмек көрсету

еш ұмтылмақ емес. Мемлекет көлемінде көрсетіліп жатқан осындай қолпаштауларды талай жас отбасылар көруде десем артық айтқаным болмас. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларындағы баянды бағдарламалар негізінде бала туылғаннан бастап, балабақшаға бергенге дейін, одан кейін де қолдаулар жасалып келеді.
Ел Президентінің шілде айында жарияланған Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласындағы 17-ші тапсырма әйел азаматтарының әлеуетін арттыруға арналып отыр. Онда балалары үшін балабақшаға төленетін шығындарды отбасындағы адам санына байланысты қысқартылуы, сондай-ақ, бала күтімі бойынша демалыстан соң қайтадан жұмысқа шыққан әйелдерге мемлекет есебінен біліктілігін арттыру және қажетті жаңа мамандық алу мүмкіндіктерін, салық кодексіне көп балалы отбасылар үшін табыс салығы бойынша жеңілдіктер туралы ережелерді және басқаларды заңды тұрғыда реттеу мәселелері тапсырылды. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев дәл осы тапсырманы екі ай мерзім ішінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірігіп жүзеге асыруды қолға алу керектігін баса айтты.
Мақалада атап көрсетілген әлеуметтік, жастардың кәсіптік біліктілігін көтеру, оларды еңбекке баулу, жұмысқа орналастыру, халықтың білімін арттыру, денсаулыққа ден қою сынды көкейкесті проблемалар іске асырылып жатса көптеген қиындықтар артта қалатындығы ақиқат. Сол секілді жоғарыдағы маңызды мәселе жуық арада оң шешімін тауып жатса, көп балалы аналар, оның ішінде жас отбасыларға әжептәуір көмегін көрсетері рас.
Мен бала күтімімен үйде отырған жас анамын. Алла берген төртінші нәрестемді жуырда ғана дүниеге әкелдім. Мемлекетіміздегі ана мен балаға көрсетіліп жатқан қамқорлықтарды сезініп, Елбасы бастаған ел ағаларына ерекше ризашылығымды білдіремін. Сәби дүниеге келгенде берілетін бір жолғы жәрдемақы және ай сайын төленетін төлемақыларды уақытында алып, балаларымның керек-жарағына жұмсаудамын. Бұл да болса,  біз үшін зор көмек, ерекше көңіл бөлу деп білемін. Ел Президентінің Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласындағы әйел азаматтарының әлеуетін арттыруға барынша жағдай жасалатынын оқи отырып, ана және оның балалары бұдан былай да ескерусіз қалмайтынына сеніммен қараймын.

 

Обновлено 09.10.2012 09:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1437
mod_vvisit_counterКеше1817
mod_vvisit_counterОсы аптада7943
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда24573
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2276242

Серіктестер