Онлайн газет



Арманға қанат қаққандар

Ж.Темірқұлқызы,
Үлгілі орта мектебінің психологы.

Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, тағы бір толқын түлектер алтын ұя мектептерімен қоштасты. Биылғы оқу жылында Үлгілі орта мектебінде 9 түлек жаңа өмірге қадам басты. Мектептегі «Арманға қанат қаққандар» атты салтанатты іс-шараға 1984-1994 жылдары оқу ордасын тәмәмдаған аға буын өкілдері қатысып, өздерінің ізгі ниеттерін білдірді.  Осыдан 20-30 жыл бұрын бітірген бүгінде түрлі саланың мамандары атанған аға-әкпелеріміз тәлім-тәрбие алған ұстаздарымен қауышып, олармен естелік суреттерге түсті. Сый-сияпаттарын табыстады. 
Салтанатты шараға аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков арнайы келіп қатысып, жас түлектерге сәт-сапар тілесе, ұжымды мерейлі мерекемен құттықтаған мектеп директоры Фазыл Шаухаров ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосқан бірнеше ұстаздар мен үздік оқушыларды Мақтау Грамоталарымен марапаттады. Мерекелік кеште ата-аналар мен ардақты ұстаздар да ағыл-тегіл ақ тілектерін жаудырып, 2013-2014 оқу жылының соңғы қоңырауы соғылды.

Обновлено 29.05.2014 10:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1120
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3281
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19911
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2271580

Серіктестер