Онлайн газет



Ажырасудың басты себебі – имансыздықта

Ж.Турғынбекова,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті.

“Болашақ – жастардыкі”  деген сөзді жиі қолданамыз. Десекте осы бір сөздің мағынасына   тау қопарып, тас жаратын жастар жете мән бермей, атүсті қарайтын  секілді. Кейде олардың істеген тірліктеріне қарай отырып, отбасы деген киелі ұғымды жете түсінбей ме дейтініміз рас.  Басты  кінә имансыздықта  ма деп те қаламыз.
Бүгінде ата-аналар үй болудың қиынын  бойжеткен  қыздарына немесе ержете бастаған ұлының  санасына сіңіруді  әдет етпеген. Сондықтан  соңғы кезде елімізде  16 жастан тұрмысқа шығып, немесе 17 жасында үйленіп, ек-үш айдан соң ажырасып жатқан жас отбасылар саны көбейіп кетті. Осы  тұрғыдан алып қарайтын болсақ, ажырасудың  басты себептеріне талдау жүргізгенімде, көбіне екі жас бір-бірін жете білмей жатып, ойнап  жүріп, от басады да,  барлығын «білдірмей жібереміз» деп асығып-үсігіп шаңырақ көтереді. Ал некесіз жыныстық қатынасқа  баруды шариғат қатты айыптайды. Ол – харам.
Бұрындары ұлтымыздың арасында ажырасу өте сирек болды. Өйткені ата-бабаларымыз шариғаттың талаптарын өзінің әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен тамаша үйлестіре білген.
Ақ неке қиылмай жыныстық қатынас жасау- зина. Зина-ең үлкен күнәлардың бірі. Құран Кәрімде: «Зинаға жоламаңдар» деп бұйырады Аллаһ тағала. Ислам ғұламалары «жоламандар» деген сөзді зинаға апаратын жолдардың барлығы «харам» екендігімен түсіндіреді.
Себептердің тағы бірі – жігіт пен қыздарымыздың жасын есейтіп барып (30-дан асқанша үйленбеу әдетке айналып барады) отбасы құруында ма деп  ойлаймын. Психологтардың айтуынша, отыздан асып барып бірінші рет шаңырақ көтергендер ақыл тоқтатты дегенімізбен, аса кінәмшіл келеді екен. Өйткені, олар жалғыз өмір сүруге дағдыланып қалған. Ол үшін барлық шаруа өзінің ойлағанындай болу керек. Әйтпесе, сылтау шығарып ұрысуға дайын тұрады. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Бірақ, мұндайлардың бар екені даусыз.
Меніңше,  екі жас шаңырақ көтерер алдында  сезімді ақылға жеңдіре отырып,  отбасын құруды қолға алып жатса  елімізде  жетім балалар мен жесірлер аз болар еді. Өйткені еліміз “Мәңгілік ел” идеясын жүзеге асыратын кейінгі ұрпақ болғандықтан, бүгінгі сәби ертеңгі азамат екендігін, ата-ананың сүйіспеншілігіне бөленіп өскен ұрпақтың мейірімді де парасатты болатындығын ұмытпағанымыз абзал. Сондықтан  отбасы мәселесіне асқан жауапкершілікпен қарайық дегім келеді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін699
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2860
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19490
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2271159

Серіктестер