Онлайн газет



Аудан әкімі мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін қабылдады

Сәрсенбі күні  Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің күніне орай аудан әкімі М. Шүкеев осы сала қызметкерлерін қабылдады.

Тәуелсіз еліміздің экономикасы дамудың даңғыл жолына түскен тұста  тарихи құндылықтар мен әдебиет, мәдениет пен ұлттық дәстүрлерге айрықша көңіл бөлініп отыр. Байзақ ауданының  туын  биік көтеріп,  даңқын  шығарып жүрген  өнер майталмандарын қабылдаған аудан басшысы Мұратхан Жүнісәліұлы өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы қиындықтарды жеңе  отырып, дарынының арқасында елімізге танымал болған мәдениет қызметкерлерінің  ерен еңбегін атап өтті. Әкімнің қабылдауында болған аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Сыздықов,  “Арай мұң”, “ Көшеді күндер”, “Құс үні” атты жыр жинақтары мен 25 әннің авторы Қ.Нарбатыр, республикалық ақындар айтысының  бірнеше дүркін жеңімпазы, суырыпсалма ақын А.Қасымбекова, жас айтыскер ақын Ә.Дүйсебаев, аудандық орталық кітапхананың меңгерушісі С.Өмірбекова, жезтаңдай әншілер  - А.Исабаев, Д.Диханбаевалармен  еркін сұхбаттасып, мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
- Елдің елдігін танытатын сала – мәдениет болғандықтан, өнердің өз перзенті саналатын Сіздермен біздер  мақтанамыз. Сондықтан әрқашан бір болайық, бірге болайық, - деген сөзбен ойын түйіндеген аудан басшысы өнер иелерін, яғни Байзақ ауданының Құрметті азаматы, ақын-сазгер  Қасқырбай Нарбатырды аудан әкімінің Құрмет грамотасымен,  суырыпсалма айтыскер ақындар Алтынкүл Қасымбекова, Әсет Дүйсебаев, кітапхана меңгерушісі Салтанат Өмірбекова және  әнші Динара Диханбаеваны  аудан әкімінің Алғыс хатымен  марапаттады.
Жиналғандар  атынан сөз алған ақын-сазгер Қ.Нарбатыр аудан басшысына  алғысын білдірді.
Өнер саңлақтарын аудандық мәслихат хатшысы Н.Үкібаев, аудан әкімі аппаратының басшысы С. Кенжебаев құттықтады.
Өз тілшіміз.

Обновлено 26.05.2014 16:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін700
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2861
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19491
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2271160

Серіктестер