Онлайн газет



Ауылда амбулатория ашылды

А.Шотбасова,
“Ауыл жаңалығы”.

Кеше көкталдықтар үшін ерекше күн болды. Бұлай дейтін себебіміз, ауыл халқының көптен күткен қуанышы - жаңа емдеу нысаны ел қолданысына берілді.  25 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов Елбасымыздың бастамасымен елімізде елеулі іс-шаралар атқарылып жатқанын тілге тиек етіп, әсіресе денсаулық саласына ден қоюшылық жылдан-жылға артып келе жатқанын ерекше атап өтті. Осы бағытта облыс, аудан көлемінде жасалып жатқан жұмыстарға тоқталған Ерқанат Нұрбапаұлы ауыл тұрғындарын айтулы қуаныштарымен құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.
Бұдан соң ауылдықтар атынан сөзге шыққан Досмахан Оразбаев ел байлығы – халық, оның денсаулығы екенін ауызға алып, елдімекендердің ахуалын оңалтуда атқарылып жатқан шараларға көңілі толатындығын жеткізді. Емдеу нысанының бой көтеруіне атсалысқан азаматтарға алғысын айтып, ел игілігі жолындағы жұмыстарына табыстар тіледі.
Көкталдық көп тұрғынның қуанышымен ғимараттың құрылысын жүргізген «Қожа ДАР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Р.Жүнісов та бөлісіп, асқақ та ажарлы амбулаторияның кілтін дәрігер Александр Цойға салтанатты түрде табыс етті.
Мұнан кейін облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов, аудан әкімі М.Шүкеев пен ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Ж.Рәпілбеков дәрігерлік пункттің лентасын қиып, шашу шашылды. Облыстан, ауданнан арнайы келген қонақтар бастаған ауыл тұрғындары мен үлкен-кіші ғимарат ішіне еніп, жаңа нысанның бөлмелерін аралап көрді.
Анықтама, зертхана, екпе егу, залалсыздандыру, терапия,  педиатрия, әйелдерге көмек көрсететін орын мен күндізгі ем-шара кабинеті сынды бас-аяғы 34 бөлмеден тұратын ғимарат толықтай соңғы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылғанын көрген көпшіліктің көңілі марқая түсті.  Кең әрі жарық, науқастарды емдеуге барлық жағдайы жасалған  зәулім мекеме ендігі жерде сапалы медициналық көмек жолында қызмет етері анық.   
Ауылдағы амбулаторияның ашылу салтанатына “Нұр Отан” партиясы Жамбыл облыстық филиалының бірінші орынбасары Масат Әшімұлы, партия орталық аппаратының бас инспекторы Нәжен Сәрсенбеков, Денсаулық сақтау Министрлігі Департаменті директорының орынбасары Гүлнара Құлқаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Болатұлы мен облыс әкімдігінің құрылыс және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл Байтелиев арнайы келіп қатысты.

Обновлено 26.05.2014 16:39
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін411
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада5100
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21730
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273399

Серіктестер