Онлайн газет



Жастарды Отансүйгіштікке баулу- басты талап

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек» деп айтқан болатын. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрамалары мен бөлімдері тарапынан жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, әскери патриоттық сезімге баулуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Осы мақсаттағы шараларға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында да жіті көңіл бөлінген.
Осындай шараның бірі ретінде Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан 28349 әскери бөлімінде «Жас армияшылар күні» өткізілді. Бұл шараға ауданнның 14 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары, яғни,  жалпы саны 168 оқушы қатысты.
Мұнда жас армияшыларды бөлім командирі полковник А.Эльчибаев және командирдің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор К.Орынбеков қарсы алып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және аталмыш бөлім тарихымен таныстырды. Жоспарға сәйкес жас армияшыларға әскери бөлімнің штабы, үй-жайы, әскери техникалары мен қару-жарақтары көрсетіліп,  сабақтар жүргізілді.
Сабақтар барысында бөлімнің әскери қызметшілері капитан Ғ.Оспанқұлов, старшина Е.Надирбеков, кіші сержант Ж.Рыскулов және аға сержант М.Тұрғановтардың тараптарынан әскери спорттық №3 және  №6,  АК-74 атыс қаруын шашып-жинау және жаппай жою қаруынан қорғану киімін (ЗОМП) кию нормативтерінен жарыстар ұйымдастырылып, оқушылар қатыстырылды.
«Жас армияшылар» күнінің соңында бөлім басшылығы тарапынан түрлі жарыстар мен сайыстарға қатысқандар мадақтау қағаздарымен марапатталды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 26.05.2014 16:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін318
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада318
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39319
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246705

Серіктестер