Онлайн газет



«Жүректен туған жыр» жүрекке жетеді

Қ.Жалғасбайұлы,
«Ауыл жаңалығы».

Көрші ауданда туғанымен өмірінің,  еңбек жолының көбін біздің ауданда өткізген Қожамберді Омаров кеңестік кезеңдегі белгілі партия, кеңес қызметкері ғана емес, өміршең өлең

жазған дарын иелерінің бірі еді. Еңбекте қадамын ел баласына білім беріп, ұстаздық етуден бастаған ол тез көзге түседі. Соның нәтижесінде Алматы қаласындағы жоғары партия мектебіне оқуға жіберіледі. Сонымен қатар ізденісін тоқтатпаған Қожамберді Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін де тамамдап, қолға қос  дипломды қатар алады. Содан кейін партия жолдамасымен МТС директорының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары, МТС директоры қызметтерін атқарады. Солардың қатарында ауданымыздағы Ново-Ивановка МТС-нде директор болып бірқанша уақыт істеген.  Екі ауданда партия комитетінің екіншісі хатшысы, екі аудандық атқару комитетінде төрағаның орынбасары болып қызмет еткен. Соның бірі Байзақ аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып еңбек етуі еді. Ол ауданымызда еңбек еткен жылдарда абырой биігінен көріне білген.
Асыл азамат абыройлы еңбек етіп қана қойған жоқ, ақындық дарынымен де айрықша көзге түскен екен. Қызметтен сәл қолы қалт етсе, қалам алып, өлең-жырларын ақ қағаз беттеріне түсіріп отырған. Өмірден көргендерін, көңілге түйгендерін ой толғамдарынан өткізе отырып, артына өшпес мұра қалдырған. Қалдырған мұрасы бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті. Жуықта Қожамберді Омаровтың өлеңдері жинақталып, Алматы қаласындағы «Алуа» ЖШС-і баспасынан басылып шықты.
Өшпес мұраның өмірге жолдама алуына ақынның інісі Елдес Омаровтың сіңірген еңбегі ерекше. Жасы сексенге таяп қалған Елдес аға Сарыкемер ауылында тұрады. Тек ағасының жыр кітабын жинақтау емес, басқа да талай игі істерге бас – көз болып жүрген абзал ақсақал.
Сонымен жаңа кітап жарық көрді. Қожамберді Омаровтың «Жүректен туған жыр» деп аталатын кітабының жыр сүйер  қауымның жүрегіне жетері даусыз. Өйткені ондағы  өлеңдердің барлығы да өмірдің өзінен ойып алынған. Көлемі ауқымды, көркем  безендірілген кітапқа енген ақын өлеңдерінің бағасын оқырман қауым береріне сенеміз.

 

Обновлено 08.10.2012 21:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1713
mod_vvisit_counterКеше1817
mod_vvisit_counterОсы аптада8219
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда24849
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2276518

Серіктестер