Онлайн газет



Мемлекеттік тіл – қазақ тілі

Г.Адамбаева,
Байзақ аудандық әділет басқармасының мұрағатшысы.

Елбасымыздың 2014 жылғы Жолдауында айтылғандай - ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды. Елбасының мемлекеттік тілге қатысты ұстанымының арқасында мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлер де қазақ тілінде сөйлеуге ниет таныта бастады.
Жамбыл облысы Байзақ аудандық Әділет басқармасы басшысының 2013 жылдың 31 желтоқсанында бекітілген №35 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік тілді қолдау мен дамытудың 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бойынша мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту аясын кеңейту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді.
Қазақстан  Республикасындағы «Тіл туралы», Қазақстан Республикасы Заңының және 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын орындауға бақылауды күшейтіп, басқа мекемелермен құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізу іс-шараларын арттыру мақсатында басқарма қызметкерлері арасында  жедел кеңес, дөңгелек үстел өткізілуде. Әрбір мемлекеттік қызметкерлерге іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу міндеттеліп, орындалуда.
Қазақстан Республикасы «Тілдер туралы» Заңының 4-бабында көрсетілгендей: “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл- мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық  қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі” делінген. Олай болса ана тілін құрметтеу әрбір азаматтың абыройлы міндеті.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін464
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада464
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39465
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246851

Серіктестер