Онлайн газет



ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев ауданымызға іссапармен келді.
Халық қалаулысы мен “Ауыл” партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Алтай Райқұлов аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рсалиев, аудандық мәслихаттың депутаты Бағдат Момыновтармен бірге Қостөбе ауылындағы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысты.
Орталық жұмысын университет ұстазы Қуандық Ситебаев жан-жақты таныстырды. Ол ондағы жылыжайда өсіріліп жатқан инжир, мандарин, апельсин, ананас, банандарды көрсетіп, олардың біздің жерге жерсінгені туралы айтып берді. Біздің өңірге таңсық жемістерді тиісті температурада ұстап, дұрыс күтімдей білсе, одан өнім алуға болатынын баса айтты.


Анас Ахатұлы бастаған мамандар орталық ауласындағы әртүрлі сортта өсірілген алмалар мен жүзімдерді де көрді. Биылғы жылы егіс егуге сырты қоршалып, дайындалып қойылған алқапты да көріп шықты.
Содан соң Мырзатай ауылы жанындағы икрадан форель тұқымды балық шабақтарын өсіріп жатқан жұмыстарменде танысты.

Өз тілшіміз.
Қостөбе ауылы.

Обновлено 10.01.2025 13:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін965
mod_vvisit_counterКеше2697
mod_vvisit_counterОсы аптада6331
mod_vvisit_counterӨткен аптада25816
mod_vvisit_counterОсы айда36240
mod_vvisit_counterӨткен айда152172
mod_vvisit_counterБәрі3566481

Серіктестер