Онлайн газет



ЕЛ ЕРТЕҢІ САРАЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Ана тілі» газетіне берген «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» тақырыбындағы сұхбатын баспасөз беттерінен оқып, таныстым.
Онда Президентіміз көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Сұхбат барысында қойылған сұрақтар-халықты толғандырып жүрген, ұлтты ойландыратын, жастарды алға жетелейтін өзекті деген мәселелерді қамтыды. Сондықтанда, Мемлекет басшысының бұл сұрақтарға қарапайым тілмен, халыққа түсінікті етіп жауап беруі көңілге қонды. Тәуелсіздігімізді нығайту жолында атқарылып жатқан игілікті істерде айтылмай қалмады. Нақты дәлелдер келтіре отырып, жыл қорытындысынада тоқталды. Бір сөзбен айтқанда өзекті де, өткір мәселелердің тереңіне үңіліп, салмақты ой, салиқалы пікір білдірді.
Өткен жылғы табиғат апатынан (алапат тасқын су) қандай сабақ алынғаны, бірыңғай уақыт белдеуі, Қаңтар оқиғасы, Талғардағы қылмыстық оқиға, жыл ішінде қабылданған заңдар, кәсіпкерлердің жұмысы, ауыл шаруашылығы саласы, қазақ тілінің рөлі, жас ұрпақтың тәрбиесі, тағы басқада өзекті деген сұрақтарға нақты жауап берілді.
Президентіміз биылғы – 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағанында сұхбат барысында атап өтті. Мен секілді қарапайым жұмысшылар мұны үлкен қуанышпен қарсы алды. Шындығында да қай салада болмасын қара жұмысты жұмысшылар атқаратыны анық. Сондықтанда оларға барынша қамқорлық жасалуы керек. Бұл туралы Президентіміз жақсы айтты.
-Біз еңбек адамының абырой-беделін көтеріп, еңбекқорлық, кәсібилік сияқты құндылықтарды дәріптеу үшін әлі талай шаруа атқаруымыз керек,-дегені біздің ойымыздан шықты.
Сұхбаттағы жастарға байланысты қойылған сұрақтарға да нақты жауап берілді.
-Мен түрлі жиындарда жастарымыз туралы жиі айтамын. Өйткені, олардың болашағын ойлап,  шын жүректен тілеулестік білдіремін. Еліміздің тағдыры – жастардың қолында. Біз отаншылдығын нақты ісімен көрсететін әрі мәдениеті жоғары ұрпақ өсіруге міндеттіміз. Реформаның бәрін жастардың игілігі үшін жасап жатырмыз. Бұл-әншейін әдемі сөз емес, мемлекет стратегиясының түпкі мәні,-деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің жастарға сенетінін де атап өтті.
Міне, мемлекет тарапынан өздеріне осындай қолдау болып тұрғанда жастарымыз терең білім алып, Тәуелсіз еліміздің тірегі болулары қажет.
Бір сөзбен айтқанда, Жаңа жылдың алғашқы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөздегі алғашқы сұхбаты ел өміріндегі елеулі мәселелер мен ертеңгі күнімізді саралап бергендей болды.

Ербол ӘБДІБЕКҰЛЫ,
Сарыкемер ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін88
mod_vvisit_counterКеше1480
mod_vvisit_counterОсы аптада4624
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30317
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680533

Серіктестер