Онлайн газет



ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында заң үстемдігі мәселесіне тоқталғаны белгілі. «Заң мен тәртіп» үстемдік етсе ғана, әділетті қоғам құра аламыз. Сұхбат барысында тілші Президентімізден «Заң мен тәртіп» қағидасы туралы сұраған еді.
-«Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз.
Сондықтан, біздің міндетіміз – бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне  айналдыру, - деді Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жауабында.


№3 Байзақ колледжінде аудан әкімдігі және прокуратураның ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» тақырыбында өткен кездесуде аудан прокуроры Ақберген Мүлкеманов «Заң мен тәртіп» үстемдігі туралы жан-жақты айтты.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ, заңдылықты сақтау, адалдық пен патриотизм сынды маңызды құндылықтар жөнінде кездесу қатысушыларымен пікір алмасылды. Олардың қойған сұрақтарына жауап берілді.

Ақпараттық медиа орталығы.

Обновлено 10.01.2025 13:15
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1470
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3097
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26668
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909539

Серіктестер