Онлайн газет



БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.
Жаңа жыл қарсаңында Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде еріктілер тобының ұйымдастыруымен көпбалалы, аз қамтылған, толық емес, үйде оқитын оқушылармен инклюзивті білім алатын оқушыларға ауылымыздың ілкімді азаматтарының қолдауымен сыйлықтар табыс етілді.
-Жаңа жыл-балалардың асыға күтетін қуанышты мерекелерінің бірі. Жылдың басты мерекесімен оқушыларды құттықтап,  оларға қуаныш сыйлауды жөн көрдік. Балаларды қуантқанға не жетсін,-дейді жеке кәсіпкерлер Әзімхан Тоқсейтов, Баян Бекбатырова, Бауыржан Әзімбеков, Жандос Жұмалиев, Аида Игликова, Гүлмира Оразымбетовалар.
«Балаларға-Жаңа жылдық сыйлықтар» атты тақырыпта өткен қайырымдылық шарасына қатысқан балаларға Аяз Ата мен Ақшақар сыйлықтар беріп, олардың өнерлерін тамашалады. Өз кезегінде балалар  тақпақтарын айтып, би биледі. Ертегі кейіпкерлері: маймыл, қонжық, ит, доңыз балалармен асыр салып ойнап, суретке түсті.
Шара соңында демеушілік жасаған азаматтарға алғыс айтылып, еңбектеріне табыс тіледі.

Айман Абдешова,
әлеуметтік педагог.
Қызыл жұлдыз ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1529
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3156
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26727
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909598

Серіктестер