Онлайн газет



ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ - ЖҮРЕКТІҢ ІСІ

Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Жақсылық  жасау үшін асып-тасқан дүние-байлықтың қажеті жоқ. Сәл ғана мейірім болса жеткілікті. Ынталы жүректен шыққан жақсылықтың шарапаты ұшан-теңіз болады.
Өткен аптада Бурыл дәрігерлік амбулаториясының әлеуметтік-психологиялық қызметі ұжыммен бірлесіп, игілікті істі қолға алды. Атап айтқанда, Жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі ерекше балалар мен қолдауды қажет ететін балаларға тосын сый әзірленді. Яғни, Аяз Ата мен Ақшақар әр баланың отбасына барып, тақпақтарын тыңдап, сый-сыяпатын ұсынды. Осылайша балалар мәз-мейрам болып, Аяз Ата және Ақшақармен суретке түсті.
Баланы қуанту-игі істердің ұлысы. Айтулы шараға қолдау білдірген Бурыл дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Айдана Мейірбековаға, ұжымға және аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шырын Қапароваға алғыс айтылды.
Біздің ұжым қоғамның осал топтарының балаларына, қамқорлықты қажет ететін және мүмкіндігі шектеулі балаларға әрдайым көмек көрсетіп отырады.

Ләззат Калибекова,
Бурыл дәрігерлік амбулаториясының әлеуметтік қызметкері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1458
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3085
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26656
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909527

Серіктестер