Онлайн газет



Туған жер

Ақтоты  Уалихан,
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің  10-сынып оқушысы.

Мөлдір, тұнық суыңды ішіп,
Саф ауаңмен тыныстап.
Қырға шығып теруші едік,
Гүлдеріңді бір құшақ.

Туған жерім, ет жүрегім,
Елжірейді, тулайды.
Есіме алсам кеткенімді,
Мен өзіңнен алыстап.

Жырақтасам қол бұлғайсың,
Шақырасың өзіңе.
Сенде тудым, сенде өстім,
Бойжеттім мен өзіңде.

Жұмақтың да керегі жоқ,
О, туған жер мен үшін.
Жұмақ сенің топырағыңда,
Жұмақ - өзен, көліңде.

Керегі жоқ сұлтандықтың,
Туған жерім болмаса.
Төзбеймін мен Отанымды,
Мазақ етсе, қорласа.

Мына әлемде тәуелді ел,
Болмас еді егерде.
Әрбір перзент өз анасын,
Туған жерін қорғаса.

Тілім менің

Тілім менің –тірлігімнің бастауы,
Тілді ұмытсаң ұмытармыз басқаны.
Өзге тілде «міңгірлейді» бүгінде,
Тілді ұмытқан қазағымның жастары.

Білсін мейлі, жеті тілде сөйлесін,
Көп білгенге бүгінде кім “қой” десін.
Бірақ қазақ қазақтығын сақтасын,
Бұл дүниеге қазақ болып келгесін.

Тіл-өнеге, тіл-тарих, тіл-қазына,
Қалған мұра бабадан ұрпағына.
Ей, қазақтар алдымен тіліңді ойла,
Құлдырап бара жатқан жылдан-жылға.

Шәкірт лебізі

Алтай Сағындықов,
Шахан ауылының тұрғыны.

Бал күндердің куәсі өзің болдың,
Үйретері көп еді алтын қолдың.
Ұстаздарға мың алғыс, бас  иейік,
Нұсқаушысы болдың сен үлкен жолдың.

Тебіреніп, жүрекпен сырын ашар,
Көрмеген де болдың сен істі нашар.
Патша көңіл еркіндік  ұраны деп,
Үміт арттың біздерге ізді басар.

Мектебімді ойға алып толғанамын,
Күнделікті естелік қолға аламын.
Кешегі өткен әрбір тәтті кезім,
Күндері еді шуақты ол ғаламның.

Қайсы бірін айтайық замандастар,
Жолығыстық бұл күнде аман достар.
Ұлағатты қауымға ықыласпен,
Жолың түссе ауылға амандас бар!

Ақ тілек
(мектеп бітіруші түлектерге)

Кешегі балдырған шақ көз алдымда,
Тәртіпке мектептегі төзе алдың да.
Сарыауыз балапандай қылықтарың,
Қайсыбірін айтайын сөз алдында.

Әйтсе де алған білім бойларында,
Шыңдалып, төселгендей ойларың да.
Аңсаған армандарың орындалып,
Тербетсін көңілді әуен тойларыңда.

Қуаныш жетелесін қолдарыңнан,
Жеміс көр, бойыңдағы сол дарыннан.
Ұстаздар қауымының ақ тілегі,
Әрқашан шаттық күтсін жолдарыңнан.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін6
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада9404
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда39007
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246393

Серіктестер