Онлайн газет



МАЛ ТӨЛДЕТУ НАУҚАНЫ – ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Ия, шындығында малшы қауым үшін мал төлдету науқаны – аса бір жауапты кезең. Тек төрт түлік ұстағандарға ғана емес, бұл бүтін бір ауыл шаруашылығы саласы үшін де маңызы зор науқан. Осыған орай аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қойшыбай Олжабаевқа жолығып, шараның өту барысынан

хабардар болдық.
Аталмыш бөлім маманының бізге берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, аудан аумағындағы малшы қауым көктемнің қызу науқаны - төл алу жұмыстарына  кірісіп кеткен.
Атап айтқанда, бүгінгі күнге аудан бойынша мүйізді ірі қараның саны 35930-ды құраса, оның ішінде 14427 бас сиыр, 9720 бас жылқы, 795 бас түйе, 258750 бас қой-ешкі, 1577 бас шошқа  есепке алынып, бағылуда екен. Мамыр айындағы есеп бойынша осы аналық бастардан алынған төлдің басы 6331-і бұзау, 98628-і қозы-лақ, 3691-ы құлын болып отыр. Әр 100 аналыққа шаққанда бұзау 44-тен, қозы-лақ 105-тен, құлын 90-нан айналуда. Сондай-ақ өткен жылмен салыстырған мал басының өлім-жітім көрсеткіші де кеміп отыр.
-Төл алу науқанында жоғары нәтижелерге қол жеткізген «Бапыш-Сейсенбай», «Шиліқарын», «Кенжебай ата», «Сіргебай ата», «Достық-99», «Түймекент-2030», «Ердос», «Жадыра», «Рахат», «Әшірбек» және «Қапар»  шаруа қожалықтарын ерекше атап өтуге болады. Биылғы мал төлдету науқаны өз деңгейінде жүруде. Малшылардың басым бөлігі құм өңірлерінде отыр. Олардың әрбірінде екі-үштен сахманшылары бар. Жалақылары уақытымен беріліп, азық-түлікпен толық қамтамасыз етілген. Жем-шөп те жеткілікті-дейді, бізге берген сұхбатында бөлімнің бас маманы Қ.Олжабаев.
Бұл көрсеткіштердің биылғы жылдың мамыр айындағы есебі екенін ескерсек, өсім көрсеткіші әлі де арта түсетіні түсінікті. Өйткені кейбір шаруашылықтарда төл алу науқаны әлі де жалғасуда.

 

Обновлено 26.05.2014 16:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін714
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада9228
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38831
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246217

Серіктестер