Онлайн газет



Негізгі мақсат-кәсіпке баулу

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Келер күннің кемел болуы бүгін таңдаған мамандығыңа тікелей қатысты. Әрине, қаржыгер, дәрігер немесе мұғалім болу әркімнің-ақ арманы, десе де техникалық мамандықтарды меңгеру – заман талабы екенін уақыттың өзі дәлелдеуде. Сол үшін де Елбасы өз Жолдауларында жастарды қазіргі сұранысқа ие мамандықтарға даярлау қажет екенін жиі айтып келеді. Тіпті, елімізде кәсіптік-техникалық білім алам деушілерге көптеген жеңілдіктер қарастырылып, жұмысқа орналасуына зор мүмкіншіліктер туғызылуда.
Оқу жылының аяқталар тұсында оқушыларға бағыт-бағдар беру  мақсатында түрлі жоғары оқу орындарының үгіт-насихат жұмыстары үдей түсетіні рас. «Болашақта мен кім боламын?» деген сұраққа жауапты жалғыз бала бере алады дейтін болсақ, жастарға жақсы кәсіп жөнінде ақпар беру, оларға жол көрсетудің маңызы зор.
Осы ретте Жамбыл облысы Байзақ аудандық кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен мектеп оқушылары аудандағы түрлі кәсіпорындарды аралап, ондағы жұмыстарды өз көздерімен көріп, кәсіп иелерімен пікірлесіп жүргендігі жөнінде газетіміздің өткен сандарында сөз еткен болатынбыз. Міне, жуырда аталмыш палатаның өңіріміз бойынша директоры Дінмұхаммед Нұралиевтің ұйытқы болуымен Байзақ ауылындағы С.Абланов және Сарыкемердегі Н.Киікбаев орта мектептерінің 9-10-сынып оқушылары Қызыл жұлдыз елдімекеніндегі «Rola» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы келді.
Мұнда жастарды жылы жүзбен қарсы алған  серіктестік директоры Тұрсымбек Нұрбаев, кадр бөлімінің жетекшісі  Дильбар Рахимовна қолға алған істері жөнінде қысқаша баяндап, өндіріске керекті мамандықтар туралы мәлімет берді. Түрлі ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорындағы халық тұтынатын тауарлардың (макарон, кеспе, жайма) шығарылу технологиясымен таныстырып, кәсіптік білім алудың қажеттілігі мол екендігін әңгімеледі.
Мұнан кейін оқушылар Түймекент ауылына қарасты жеке кәсіпкер Б.Битабаров жетекшілік ететін «Достық-99» шаруа қожалығында болды. Агроөнеркәсіп кешенінің астық сақтайтын қойма жайы мен  техникалары орналасқан, оларды  жөндеуден өткізетін цехты аралап көрген ұл-қыздар, ұжым қызметкерлерімен жеке-жеке сұхбаттасып, өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Тиісті жауаптар алды.
Осылайша бір күндік кәсіптік баулуға арналған іс-шарадан болашақ егелері техникалық мамандықтарды игерудің игілігін тереңірек түсінгендей болды.

Обновлено 21.05.2014 11:58
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін14
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1203
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40204
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247590

Серіктестер