Онлайн газет



Дау мұраты – бітімге келу

Медиацияның мәні мен маңызы күн өткен сайын өзінің өзектілігін дәлелдеуде. Бітім – атадан қалған ұстаным. Айыбы ауыр болмаса, ата жолымен мәмілеге келіп, екі тараптың келісімге келуі маңызды. Тарихқа тереңдемегеннің өзінде, қазіргі дамыған АҚШ, Ұлыбритания, Германия секілді алпауыт елдерде де бұл тәсіл тиімді әрі жүйелі қолданылып келеді.
Жалпы, «Медиация туралы» заңға қол қойылып және осы заңға байланысты елімізде дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде медиация тәсілі енгізілуінің басты мақсаты қылмыстық және азаматтық істер бойынша дауларды қарайтын судьялар жүктемесін азайту болып табылады. Бұл тұрғыда қол жеткізілген табыстар әлі де аз болып тұр.
Іс барысында медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы үлкен рөлге ие. Себебі, ол белгілі бір тараптың мүддесін көздемейтін тұлға, керісінше, даудың екі тарап үшін тиімді шешілуін көздейді.
Енді «еліміз үшін осы медиацияның жағымды әсерлері неде?» деген сұраққа келетін болсақ, олар: Медиация – құқықтану, әлеуметтану, психология және қақтығыстану (конфлитология) сияқты салалардың басын біріктіреді. Медиация дауласушы тараптардың арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін емес, дауласушы тарапты бітімге келтіру үшін қызмет етеді.
Медиатордың міндеті дауласушы екі жақтың талаптарын өзара қанағаттандыру болғандықтан, медиациялық іс жүргізудің регламенттік жағдайлары жеке анықталады және оны екі тарап өз қалауына қарай таңдайды. Медиация арқылы іс жүргізу құпиялылық қағидасымен жүргізілетіндіктен, тараптардың жеке басына қатысты жағдайлар толыққанды қорғалады. Бұл процесс іске қатысушы адамдардың уақытын, ақшасын және олардың эмоциялық көңіл-күйін сақтауға көмектеседі. Себебі, сот арқылы дау шешу, біріншіден, құқықтық сауатты арыз жазудан басталады, оған жету үшін көптеген азаматтар ақылы заңгерлер көмегіне жүгінеді. Ал, сот арызды қабылдау үшін талап беруші мемлекеттік баж салығын төлеуге міндетті. Оның көлемі талап етіліп жатқан нәрсенің көлеміне сәйкес келеді. Соттарда құжаттар айналымы күрделі және қағаздар өте көп.
Сондықтан, құрметті Байзақ ауданының тұрғындары! Аудандағы ағайын, көрші және ауылдастар арасында дауды бітімге келу арқылы жеңгеніміз абзал. Өйткені, өзеріңізде шығынданбай, ауылдарда немесе аудан орталығында тіркелген кәсіби емес медиаторлар көмегіне жүгіне аласыздар.
Медиаторлар туралы ақпараттарды ауылдық округ әкімі, аудандық сот және құқық қорғау органдарынан ала аласыздар.
Сонымен қатар, кәсіби емес медиатор болып қызмет еткісі келетін талаптылар болса ауылдық округ әкіміне өтініш білдіруге болады.

Байзақ ауданы әкімінің аппараты.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін449
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада449
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39450
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246836

Серіктестер