Онлайн газет



Заң нормаларын сақтау - басты назарда

Т.Бибосынов.
аудан әкімдігінің  сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.

Байзақ ауданында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңын орындауды қамтамасыз ету мақсатында  тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар құрылыстарына жер бөлу кезінде және де бұрыннан тұрған объектілерді қайта жабдықтау немесе қайта жарақтау үшін құжаттар дайындау кезінде заң нормаларын сақтау әрдайым басты назарға алынады. Аудан елді мекендерінің аумағында сәулет – қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру толыққанды түрде жүргізілуде.
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі КММ-і мемлекеттік қызмет туралы стандарттары  бойынша үш түрлі жұмыс атқарады. Бөлімінің кіре берісінде тақтада Мемлекеттік қызмет көрсету туралы стандарттар туралы барлық нұсқаулықтар ілулі тұр. Осы аталған жұмыстар бойынша жеке және заңды тұлғалар өтінішті ХҚКО береді. Тиісті жұмыстарды ХҚКО арқылы жүргізеді.
1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының, 3-тармағы, 1)-тармақшасында егерде, елді мекеннің Бас жоспары немесе белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжей жоспарлау жобалары немесе құрылыс салу жобалары болмаса, елді  мекендерде немесе қонысаралық аумақтарда құрылыс салуға рұқсат берілмейді деп көрсетілген.
Осыған байланысты әр азамат жер теліміне кезекке тұруы тиіс. Құжаттарын аудандық жер мәселелері жөніндегі  комиссияға өткізіп, келісімін алғаннан кейін ауылдық округ әкімінің шешімін, шешім дайын болғаннан кейін жер теліміне жер кадастры бөлімінен мемлекеттік актісін алып, ХҚКО тіркеледі. Ал кәсіпкерлік нысандарға жер телімі аукцион арқылы беріледі.
Енді сол жер теліміне құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін  аудандық газ шаруашылығы бөлімінен, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасынан қорытынды, электр қуатын тарату жүйесінен техникалық жағдай жинап, ХҚКО-на өтініш жазып «СЖТ» (сәулет жобалау тапсырмасын) алады. Лицензиясы бар жобалаушы үйдің немесе кәсіпкерлік нысандардың жобасын дайындап, оны сараптамадан өткізеді. Қазір 2014 жылдың қаңтар айынан бастап 31-«СЖТ» сәулет-жобалау тапсырмасы берілді.
Осыдан кейін дайын болған құжаттарды облыс әкімдігінің сәулет, құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне өткізіп, сол жерден  тұрғын үй немесе кәсіпкерлік нысандардың құрылысын тұрғызу үшін хабарлама береді. Жобада көрсеткен материалдар бойынша тұрғын үй немесе кәсіпкерлік нысандар тұрғызылып болғаннан кейін аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне үйді пайдалануға қабылдауға өтініш білдіріп, қабылдау комиссиясы үйді немесе кәсіпкерлік нысандарды пайдалануға қабылдайды. ХҚКО тіркеледі.
2. «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне жыл басынан 300 жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы заңды және жеке тұлғаларға анықтама берілді. Мұнда:
- жер телімінің мекен-жайын құру;
- жер телімінің мекен-жайын өзгерту;
- жер телімінің мекен-жайын тарату;
- жер телімімен жүзеге асырылған операцияны тіркеу куәлігін қалыптастыру.
3. Аудан орталығы мен елді мекендерде, автомобиль жолдары бойында,  жарнама құралдарын орналастыруға барлық талаптарға сәйкес төл құжат жасалып, құзырлы органдардың келісімі беріледі. Жыл басынан жергілікті бюджетке 2,0 млн. теңге республикалық және жергілікті бюджетке қаржы түсті. Бұл бөлімнің тиянақты жұмыстарының  нәтижесі деп білеміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін81
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада9479
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда39082
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246468

Серіктестер