Онлайн газет



Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет

Ж.Бейбітұлы,
Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп жүргізуші жетекші маманы.

Қоғам мемлекеттік қызметшіге өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды және өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді. Сондықтан оған деген үлкен жауапкершілікті әрбір мемлекеттік қызметші сезіне білуі керек.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз – бұл азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі.
Осыдан 15 жыл бұрын – 1998 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен алғаш рет посткеңестік кеңістікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылып, ол бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің табысты қызмет етуіне өз үлесін қосып келеді.
Мемлекеттік қызмет жүйесіне енгізілген реформа әлемнің озық тәжірибелерін пайдалану арқылы ұлтқа, қоғамға қызмет етеді.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңды жетілдіру Елбасының тапсырмасы болатын. Міне, бүгінгі күні тапсырма өз деңгейінде орындалып жатыр. Аталған құжат мемлекеттік қызметкерлердің мәселесін бірізге түсірді. Жаңалығы сол, «ротация» және «мансаптық жоспарлау» деген ұғымдар енді. Мемлекеттік міндетке алғаш аяқ басқан мамандарға тәлімгерлер бекітіледі. Олар тәлімгерлер арқылы  халықпен сыпайы сөйлесудің, әдеп сақтаудың жөнін, қызмет барысын үйренеді. Тестілеу іріктеу байқауынан тыс тәуелсіз өткізіледі. Конкурсқа қатысуға сертификат беріледі. Сонымен қатар, аталған заң қабілетті жас мамандарды басқарушы лауазымдарға тартуда, олардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына, тәжірибе жинақтауына мол мүмкіндіктер ашпақ.
Еліміздегі мемлекеттік қызметшілер корпусының жаңа құрылымы заң шеңберінде бекітілді.
Мемлекеттік қызметшілер – Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдауға, өзінің іс әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа алуға, қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға, адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан  халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндетті.
Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Назарбаев: «Біз мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу және кәсіби даярлықтың жетілдірілген әдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде жақсартуымыз керек. Мемлекеттік қызметтің жаңа Заңында: сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуді, мемлекеттік қызметшілерді іріктеуде ашықтықты арттыруды, меритократия қағидаларын енгізуді, яғни жақсы кадрларды ілгерілетуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты кәсіпқой басқарушылардың мүлдем жаңа санаты – «А» корпусы құрылады. Бұдан былай мемлекеттік қызметші  лауазымдық сатымен кезең-кезеңмен, билікттің бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілдіре және кәсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болады. Белгіленген көрсеткіштерді асыра орындағандар мен өзінің тиімділігін көрсеткендерге және жоғары нәтижеге қол жеткізгендерге ғана ерекшелік жасалуы керек» деп мемлекеттік қызметке деген міндеттерді айқындап берді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1450
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1450
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда41640
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2249026

Серіктестер