Онлайн газет



Мамандығым – мақтанышым

Асел Жакатаева,
Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің физика-математика факультеті ақпараттық жүйелерді оқыту кафедрасының 1-курс студенті.

Елімізде іргелі білім ордаларының бірі саналатын-Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің шаңырақ көтергеніне  биыл 70 жыл толды. Осы жылдар аралығында  оқу ордасын 60 мыңнан астам түлек бітіріп шығыпты.
«Ақпараттық жүйелерді оқыту» кафедрасы 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталмыш  университеттің физика-математика факультетінің құрамына енген болатын. 2009-2010 оқу жылынан бастап 5B070300- «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай бөлімдерде мамандар дайындау қолға алынған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі п.ғ.д. Керімбаев Нұрасыл Нұрымұлы, ал  кафедра құрамында доценттер А.Аймаханова, М.Бекпатшаев, В.Дьячков, Ш.Шекербекова, Л.Рахымжанова, Н.Баймулдина, Қ.Тұрғанбай, магистр, оқытушылар А.Табылғанова, Е.Оспанбеков, С.Авдарсолқызы, Ұ.Өтебаев, Г.Байман, А.Саябекова, Д.Оралбекова, А.Қожағұлдар қызмет жасады.
Бүгінгі таңда  кафедрада 1 ғылым докторы, профессор, 5-ғылым кандидаттары, 6 магистр, оқытушылар қызмет атқарады. Кафедра негізінен жалпы университет бойынша «Информатика», «Жаңа ақпараттық педагогикалық технология», «Электронды үкімет, «Геоинформатика» және т.б. пәндерді оқытумен қатар желілік-интернет технологияларды дамытуға бағытталған.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін ф.м.ғ.к. Қожамқұлова Жазира Жұмағұлқызы атқаруда. Кафедрада ғылым докторлары: М.Есқалиев, ғылым кандидаттары: Ж.Қожамқұлова, С.Исабаева, Б.Яғалиева, Н.Ошанова, Б.Бостанов; магистр, аға оқытушылар: Б.Айтжанова, Н.Оспанбекова; магистр оқытушылар А.Нүсіпбекова, Ж.Ашимова, Н.Дүйсенова, М.Чанбаева, А.Сұлтанғазиева, Қ.Есентаев, Р.Байказиева  секілді   жан-жақты біліммен қаруланған, терең ойлы жас мамандар қызмет жасайды. Мұнымен қатар  осы институттың физика-математика факультетінің математика-информатика, физика-информатика мамандығының түлектері ф.м.ғ.к. Ж.Қожамқұлова, магистр, оқытушы М.Чанбаева ғылыми еңбек жолдарын өздері дәріс  алған университетте жалғастыруда.
Кафедра оқытушылары сапа менеджмент жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Сонымен қатар кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары жақсы  жолға қойылған. Профессор-оқытушылар  Н.Керімбаев, Ж.Қожамқұлова, М.Есқалиев, Б.Сыдықов, С.Исабаева, Б.Яғалиева, С.Абдрасолқызы, Ұ.Өтебаевтардың еңбектері АҚШ, Чехия, Болгария, Шри-Ланка, Оңтүстік-Сахалинск, Ресей, Жапония, Европа мемлекеттерінде өткізілген халықаралық конференцияларда  жоғары бағаланып, олардың еңбектері  ғылыми басылымдарда жарияланып тұрады.
Кафедраның профессор-оқытушылары кредиттік оқыту  жүйесі негізінде білім беруде қазіргі заманғы ғылым жетістіктері мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдану мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта кафедра оқытушылары үнемі білім жетілдіру курстарына барып, білім-біліктерін жетілдіріп, оны оқу үрдісіне ендіруде. Атап айтқанда Ж.Қожамқұлова, В.Дьячков, М.Чанбаева, А.Сұлтанғазиева, Н.Оспанбекова, А.Қожағұл ағылшын тілін тереңдету курстарына барып, ағылшын тілінде білім беру мәселесін жолға қоюда. Ұ.Өтебаев Германия мемлекетінің Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінде «Оқу-әдістемелік қызметтегі инновациялар» бағытында іс-тәжірибеден өтті. Б.Яғалиева БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты оқу орталығының «Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар» атты оқу-семинарына қатысып сертификаттар алды. Ж.Қожамқұлова, Б.Яғалиевалар 2013-2014 оқу жылында Англияның Ньюкасл университетінде біліктіліктерін көтеру курсынан өтіп келді.
Кафедраның профессор-оқытушылары қазіргі таңда ІТ шеңберінде ең беделді мамандықтардың бірі - ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша мамандар  дайындау мақсатында тер төгіп қана қоймай, кафедрада студенттердің академиялық ұтқырлық мәселесі жолға қойылған.
• бағдарламалау тілдері Delphi, C+, C++, Java Script, Macromedia Flash;
• * желілік-интернет технологияларын дамыту мен оқу үрдісіне енгізу  (Webтехнологиялар, Интернетте программалау);
• Жоғары деңгейлі программалау тілдерін үйрену;
• Мәліметтер қорын басқару жүйелерін ұйымдастыруға және басқару (SQL Server, MS Access деректер қоры).
«Ақпараттық жүйелер» мамандығын бітірген түлектер төмендегі маман иелері болады:
• web-программалаушы;
• жүйелік басқарушы;
• жоғары деңгейлі программалау тілінде бағдарламаушы;
• мәліметтер қорын ұйымдастырушы;
• жүйе сараптаушысы;
• ақпарат қауіпсіздігі мен ақпаратты қорғау саласының маманы;
• сала бойынша қолданылатын ақпараттық технологиялармен байланысты басқа да лауазымдар.
Кәсіби қызмет ету аймағы:
• конструкциялар – жобалау;
• өндірістік – технологиялық орындарда;
• сервистік бағдарламалық қамтамасыздандыру орталықтарында;
• ұйымдастыру – басқару орындарында;
• банк және қаржылық қызметінде;
• ақпараттық жүйелерді дайындайтын, ендіретін және іс жүзінде пайдаланатын мемлекеттік, жекеменшік мекемелер  мен ұйымдар.
Студенттер мынадай бағытта  білім алады:
• желілік – интернет технологияларын дамыту мен оқыту үдерісіне енгізуге;
• жоғары деңгейлі программалау тілдерін үйренуге;
• мәліметтер қорын басқару жүйелерін (МҚБЖ) ұйымдастыруға және басқаруға болады.
Мамандықтың материалдық базасы:
Университетте  кітапхана, оқу залы, электронды ресурстар залы, интерактивті тақталар, мультимедиалық кабинеттер, интернет желісіне қосылған компьютерлік  сыныптар жеткілікті.  Сондай-ақ студенттер «академиялық ұтқырлық» бойынша  республикамыздың басқа да жоғарғы оқу орындарында білім алуына,  сонымен қатар білімгерлерге  алыс және жақын шет елдерден  профессор оқытушылар дәріс береді.  Бүгінгі таңда университетіміз ЛАМС (LAMC) Ұлы Британия, Честер және Миссисипи университеттерімен келісім-шартқа отырып, қос дипломдық оқу бағдарламасы  бойынша жұмыс  жасап отырғанын мәртебе көреміз.
Талапкерлерді университетке қабылдау республикалық грант және ақылы негізде жүзеге асырылады.
Мекен-жайы: 050000 Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 99,  бас ғимарат Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті.
Ақпараттық жүйелерді оқыту кафедрасы 4-қабат, 425-бөлме, байланыс телефоны: 2-33-18-47, www.kazmkpu.
Тұғыры  мен  мәртебесі   асқақ  осындай  университеттің білімгері  болып,  ұлағатты оқытушылардан  дәріс   алып  жатқанымды   мақтан тұтамын.
Менің сүйікті университетім  жас талапкерлерді оқуға шақырады, келіңіздер, күтеміз!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1681
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1681
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда41871
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2249257

Серіктестер