Онлайн газет



ҰСЫНЫСТАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Бекітілген кесте бойынша аудан әкімінің халықпен кездесуі Бәйтерек ауылдық округінің Базарбай елді мекенінде өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков қатысты.  Жиынды ауылдық округ әкімі Қуаныш Жұманов ашып, ауылдың тұрмыс-тіршілігін баяндады.
Дулат Бекбосынұлы күн тәртібіндегі мәселе бойынша үстіміздегі жылы аудан көлемінде сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы жайлы толық мағлұмат берді. Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен ауыл тұрғындарын таныстырды.
Кездесуде ауыл тұрғыны Талант Сәрсенбаев жарықтың жиі өшуі, жолды жөндеу, спорт кешені мен мәдениет үйін салу мәселелерін көтерді.
Дулат Жақыпбеков кездесу барысында көтерілген мәселелер назарға алынып, кезең-кезеңімен орындалатынын жеткізді.


Ботамойнақ ауылдық округінің Байзақ елдімекенінде бекітілген кесте бойынша халықпен кездесу ұйымдастырылып, оған аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков қатысты.
Дулат Бекбосынұлы кездесуге қатысушыларға ағымдағы жылы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Кездесу ашық форматта, ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелерге қатысты сұрақ-жауап алмасу арқылы өтті.
Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан интернет сапасының нашарлығы, жылу көзі болып табылатын газдың қысымы төмен екендігі, жарықтың жиі өшуі, көшеге асфальт төсеу  мәселелері айтылды. Сондай-ақ, №4 мектеп-лицейге спорт алаңын салып беруді сұранды.
Тұрғындарды мұқият тыңдаған Дулат Жақыпбеков көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар жасалатынын айтты.

Айдар АЛДАБЕРГЕНОВ.

Обновлено 03.12.2024 10:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3
mod_vvisit_counterКеше1480
mod_vvisit_counterОсы аптада4539
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30232
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680448

Серіктестер