Онлайн газет



НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫ ТАЛАП ЕТТІ

Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа аудан орталығындағы мектеп директорлары, ЗУМ арқылы  елді мекендердегі  мектеп басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер-«Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының ағымдағы жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы» аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы Дәурен Абдуалы, «Байзақ аудандық білім бөліміне қарасты Н.Гоголь атындағы орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықтық тәрбие бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы» Н.Гоголь атындағы орта мектептің директоры Гүлнара Ерханова  хабарлама жасады. 
Мұнан кейін «Байзақ аудандық білім бөліміне қарасты №3 орта мектебінің оқушыларымен орын алған келеңсіз жағдайлар бойынша жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесі туралы»  аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия  хатшысы Жасұлан Үсенбаев  баяндады.
Комиссия отырысының қорытындысында Рүстем Қалмұхамбетұлы  күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты хаттамалық тапсырмаларды жүктеп, олардың сапалы және мерзімінде орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар зерделеу жұмыстары барысында анықталған кемшіліктермен жұмыс жасау қажеттігін айтып, енгізілген ұсыныстардың  орындалуын қатаң бақылау қажеттігі ескертілді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 03.12.2024 10:39
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін25
mod_vvisit_counterКеше1480
mod_vvisit_counterОсы аптада4561
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30254
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680470

Серіктестер