Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында азаматтарды заңды түрде табысты жұмыс істеп, болашағының қамын ойлауға ынталандыру мемлекеттің басты міндетінің бірі екенін айтты. Бұл бағытта «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарына «тауар несиесін» беру мәселесі бойынша біршама жұмыстар атқарылып келеді. Осы орайда әкімдіктің мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Дулат Оспановтың ұйымдастыруымен «Тауарлық несие беру механизмі» тақырыбында
жиын болып өтті. Оған ауыл, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтардың басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Жиынды аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рсалиев жүргізіп отырды. Дулат Оспанов тауарлық несие беру механизмін слайд арқылы сабақтастыра түсіндірді. Жоба негізінде аудан, ауыл әкімдіктері тауарлық несие беру мақсатында операторларды анықтайды, ал ветеринариялық станциялар берілетін малдың ветеринариялық сараптамаларын жүргізеді. Сондай-ақ, ЖҚШ және оператор арасында келісімшарт жасау жұмыстарын атқарады. Келісімшарт негізінде ЖҚШ-қа тауарлық несие ретінде 5 жылға дейінгі мерзімге мал (ұсақ, ірі қара, жылқы) береді. Тауарлық несие беру алдында берілетін малды сақтандыру шығындарын несие мерзімі аяқталғанға дейін өтейді (50/50%). Сонымен қатар, Дулат Оспанов тауарлық несиені қайтару, төлем, малды сақтандыру тарифтері, субсидия есебінен төленетін сақтандыру сыйақысына тоқталып, қатысушылардың сауалдарға жан-жақты жауап берді. Ауылдық округтерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізетіндігін, әрі аталған жоба екі жаққа да тиімді екендігін жеткізді.
Өз тілшіміз. |