Әрбір Қазақстан Республикасы адамдарының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады. Ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республика өзінің одан тыс жерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп табылады. Олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұнымен қолданылуы осыған орай анықталады. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық
тәсілдермен қорғауға құқылы. Яғни, әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Мұнда заңда көрсетілген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетілуі тиіс. Мысалға, әрбір заңды бұзған субъекті яғни ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасалды деп айыпталған әрбір адам сол ұсталғаннан, тұтқындалғаннан немесе айыпталған кезден бастап адвокаттың көмегін пайдалануға құқылы. Осы көрсетілген заңдылықтарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының адвокатурасының қоғамда маңыздылығы бар екенін айқындауға болады. Азаматтардың заң кепілдігіне алған құқықтарының сақталуын мемлекеттік, соның ішінде құқық қорғау органдары қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан тұлғаның құқықпен қорғалуы азаматтың қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерін орындай отыра, өзінің барлық құқықтарын пайдалануына толық мүмкіндік жасалуы алдыңғы сапқа шығады. Негізі адвокатураның мақсаты – әрбір мемлекетте адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға, жәрдемдесуге арналған. Сонымен қатар адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік және басқада істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметі ұйымдастырылады. Бұл жерде ескере кететініміз азаматтың қызмет шеңберінде адвокаттар көрсетілген заң көмегі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. Адвокаттық қызметінің түсінігі және міндеттері: 1) адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің принциптерін басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға міндетті; 2) егер адвокат осы іс бойынша мүдделері көмек сұрап өтініш жасаған адамның (тараптардың өзара келісімі бойынша ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда) мүдделеріне қайшы келетін адамдарға заң көмегін көрсетіп жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргізуші адам, тергеуші, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбірленуші немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретінде іске қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер істі тергеуге немесе қрауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмегін көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға міндетті. Байзақ аудандық заң кеңесінің адвокаттары Қазақстан Республикасының 2018 жылдың 5 шілдесіндегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңын басшылыққа алып қызмет етеді. Заң кеңесін 20 жылдан астам белгілі заңгер, білікті маман Мырзабаев Қалдыбек Бошайұлы басқарды. Бүгінде зейнеттегі Қалдыбек ағадан адвокаттық жұмыстың қыры мен сырын үйреніп, оны жұмыс бабында қолданып келемін. Менен басқада ағадан тәлім алған жас адвокаттар аз емес. Сондықтанда Қалдыбек Бошайұлына алғысымызды айта отырып, алдағы кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Ұжымда сондай-ақ 40 жылдан астам уақыттан бері адвокаттық қызметті атқарып, білікті заң көмегін беріп жүрген Аманкелді Оспанов, Маржан Көпбаева, олардың қатарына қосылған Аякөз Мамыраймова, Нұржан Мұсабековтердің жақсы жұмыстарын осындай мереке күні атап өтуге болады. Адвокатура қызметін дамытуға қосқан қомақты үлесіміз үшін А.Оспанов екеуміз ҚР Адвокаттар Одағының жоғарғы марапатына ие болдық. Мен өзімде шәкірт дайындап ағалық, ұстаздық тәжірибемді жас адвокат Нұржан Мұсабековке үйретіп келемін. Нұржан келешегінен мол үміт күттіретін, ұстаз сенімін ақтайтын маман екендігін мақтанышпен айтуға болады. Аудандық заң кеңесінің адвокаттары, әріптестерімді өздерінің кәсіби мерекелері-Адвокатура күнімен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тілеймін.
Әбибулла СӘУЛЕБАЕВ, Байзақ аудандық заң кеңесінің меңгерушісі. |